newstaraz.kz

 
 

Қоғам белсендісі Bek Air ұшқыштарына «Халық қаһарманы» атағын беруді ұсынды


pogudx1acubt0nn1s8.4cd05944
  28.03.2016 NewsTaraz.kz.

Әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі апатты жағдайдағы ұшақты жерге шеберлікпен қондыра білген Bek Air әуе компаниясының ұшқыштары «Халық қаһарманы» атағына әбден лайық деп жарыса жазуда.

Солардың бірі танымал қоғам белсендісі Сырым Әбдірахманов мемлекеттік марапаттарды оңды-солды бермей, керісінше бейбіт күннің нағыз батырларына беру керектігін өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Әлемдік авиацияның тарихында жүздеген жолаушысы бар бортты құтқарып қалудың дәл осындай оқиғалары сирек кездедседі. Тіпті, мүмкін емес жағдай немесе миллионнан бір десе де болады. Әрбір жолаушының ата-анасы, баласы, іні-қарындастары сонымен қатар жүздеген туысқандары бар, түптеп келгенде олардың барлығының тағдыры бұл жағдаймен байланысты. Мына фотодағы қазынаның 20 миллион долларына ғарышқа барып, бешбармақ жеп, сосын мемлекеттік марапатқа ие болған адамдар емес, бұлар шын мәнісіндегі нағыз халықтың батырлары. Олардың есімдері: Дмитрий Родин мен Николай Семерячинский! Олар оңды-солды беріле беретін марапатқа емес, «Халық қаһарманы» атағына лайықты», — деп жазды Әбдірахманов өзінің парақшасында.

Қоғам белсендісі Bek Air ұшқыштарына «Халық қаһарманы» атағын беруді ұсынды

Еске сала кетсек, бұған дейін Астанаға Қызылордадан ұшып келген Bek Air әуекомпаниясының ұшағы апатты жағдайда қонып, қону кезінде ұшақтың алдыңғы дөңгелегі істен шыққанын хабарлаған едік.

Ал өз кезегінде Bek Air басшылығы ұшақ экипажына алғыс жариялап, бүкіл экипаж мүшелері міндетті түрде мемлекеттік марапатқа ұсынылатынын айтқан болатын.

Дереккөз: Nur.kz

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz