newstaraz.kz

 
 

Нұртай Сәбилянов: Жер туралы даудың туындауына депутаттар кінәлі


Нұртай Сәбилянов
  05.05.2016 NewsTaraz.kz.

Қазақстандықтарға Жер кодексінің дұрыс түсіндірілмеуіне депутаттар кінәлі деп есептейді мәжіліс депутаты Нұртай Сәбилянов.

Оның пікірінше, халық жер туралы заңды дұрыс түсінбегендіктен елде жер саудасына қатысты даулы мәселелер жиі туындап отырған көрінеді.

Бұл туралы skifnews.kz жазады.

«Біз мойындаймыз, бұл біріншіден үкіметтің қателігі, біздің депутаттардың қателігі. Біз халыққа тиісті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізгеніміз жоқ, оны мойындаймыз. Әсіресе, Жер кодексіне енгізілген түзетулер мен өзгертулерге қатысты. Түсіндіру жұмыстарын жыл басында, тіпті, былтыр бүкіл облыстарда, аудан-қалаларда жүргізуіміз керек еді» деді депутат Семей қаласындағы сайлаушыларымен кездесу барысында.

Сәбилянов Семейге осы Жер кодексіне байланысты арнайы келіп отыр. Қазақстандықтарды аяғынан тік тұрғызған осынау заңның қыр-сырын депутат өз жерлестеріне түсіндіріп көрмекші. Оның айтуынша, жерді жалға берудің уақытын созуға қатысты өзгеріс заңға 2014 жылы еніп кеткен. Бірақ, көпшілік мұны былтырғы жаңалық деп есептеп отыр дейді халық қалаулысы. Бұған дейін билік өкілдері жаппай қайталағандай, Сәбилянов та Қазақстан жерінің шетелдіктерге ешқашан сатылмайтынын, тек жалға берілетінін ескертті. Сатып алу үшін Қазақстан азаматы немесе Қазақстанда тіркелген заңды тұлға болуы тиіс.

«Қазақстанда 100 миллионнан астам ауылшаруашылық жерлері бар. Оның 99,5 миллионын қазақстандықтар жалға алып отыр. Ал, осы 99,5 миллион гектардың 65 мың гектары шетелдіктерде. Бұл небәрі 0,06 пайыз. Дегенмен, сол 65 мыңның 45 мыңы бірлескен компаниялардың еншісінде. Әу баста халыққа дәл осылай түсіндіруіміз керек еді» дейді депутат.

Оның айтуынша, ШҚО-да ірі инвесторлар жоқ. Шетелдік компанияларға жалға 300 гектар жер берілген.

«Ал, қалған жер телімдері өз азаматтарымызда. Біз оларға бұл жерлерді жеңілдікпен сатып алуға ұсыныс жасап отырмыз. Олар жұмыс істеуі керек, жер игерілуі керек» деп атап өтті мәжіліс депутаты. Ол сондай-ақ, Жер кодексіне қатысты халық тарапынан ұсыныс болса парламент қабырғасында міндетті түрде қаралатынын да ескертті.



(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz