newstaraz.kz

 
 

Мырзағали Айтжанов өзбек боксшыларына қатысты ойын білдірді


pogudx42m6l07vclg.86333364
  18.08.2016 NewsTaraz.kz.

Фото: vesti.kz

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусіновтің жеңісінен кейін қазақ боксшыларының олимпиададағы сәтсіздіктері жайында айтып берді.

Бұл туралы Vesti.kz-ке сілтеме жасап Skifnews.kz порталы хабарлайды.

«Біздің жігіттердің айқын жеңіп тұрған жекпе-жектері болды, бірақ төрешілер қарсыластың қолын көтеріп жатты. Біз бұған кінәлілерді іздейін деп отырғанымыз жоқ. Бәлкім маңдайға жазылғаны осы шығар. Жарыстағы кейбір олимпиада чемпиондары біздің боксшылардан мықты деп айта алмаймын. Бұл олимпиада, бұл жерде бәрі жеңімпаз бола бермейді. Олимпиадаға келетіндердің барлығы да өзін көрсету үшін барын салады, күтпеген жағдайлар орын алады», — дейді Айтжанов.

Бас бапкердің айтуынша, боксшылар мен ұлттық құраманы жеңілістер үшін айыптау дұрыс емес.

«Мен өзім интернетте отырмаймын. Бірақ, кейбір жерлестеріміздің, кейбір бапкерлердің не жазып жатқанын білдім, біздің команданы жарысқа дұрыстап дайындалмаған деп айыптап жатыр екен. Өзге елдерде спортшылары жеңіліп қалса да бұлай айтпайды, айыптамайды. Ұсақталмай, өзімізді лайықты деңгейде ұстайық. Бір-бірімізді қолдауымыз керек. Ал, өзбек боксшыларына келер болсам, мен оларға соншалықты көңіл бөлмеймін. Оларда жеңіске жетудің өз жолдары бар. Рас, мықты боксшылары да бар. Бірақ, кешегі жеті боксшысы біздің қазақ боксшыларынан мықты деп айтпаймын», — деп сөзін түйді Мырзағали Айтжанов.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың бас бапкері Билли Уолш The Guardian басылымына сұхбат беріп, AIBA-ны өзбек боксшыларына жеңісті әділетсіз алып беріп жатқанын айтқан болатын.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

 

Empty settings (View 2216c5d386 does not exist)
(просмотры 5 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz