newstaraz.kz

 
 

Мирзияев Ташкентте жезөкшелердің қаптап кеткеніне ашуланды


  20.04.2017 NewsTaraz.kz.

Шавкат Мирзияев. Фото: ozodlik.org

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкенттегі Чиланзар ауданының басшыларын сынады. Ол бұл ауданда бордель қаптап кеткенін айтты деп жазады centralasian.org.

Президент ескертуінен соң осы аудандағы кафелер мен түнгі клубтарда тексеру жүргізілді.

Чиланзар ауданы ішкі істер басқармасы шенеунігінің хабарлауынша, үш күнде 58 нысан – түнгі клубтар, кафелер, сауналар және жеке үйлер тексеріліп, жезөкшелікке қатысы бар деген күдікпен 38 адам ұсталған.

“Ұсталғандарға айыппұл салынып, оларды Сергелі ауданындағы тері-венерологиялық диспансеріне жіберілді”, – деді ол.

Ташкенттің Чиланзар ауданында тұратын журналист Бобомурод Абдулла милицияның мұндай әрекетінен түк шықпайтынын айтты.

“Соңғы уақытта Ташкенттің бұл ауданы жезөкшелердің ордасына айналды. Олар Катартал көшесінің бойында тізіліп тұрады. Соның кесірінен біз күндіз балалармен серуендей алмайтын болдық. Бірақ милицияның қолына түскен жезөкшелерге не болады? Мен бұны зерттеп көрдім. Олардың қыздарды ұрып, зорлаған кездері болған. Күшпен тексеру жүргізу әрекетінен түк шықпайды”, – деп есептейді журналист.

(Просмотры 9 , 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


 
Post ID 145883  

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

   

NewsTaraz