newstaraz.kz

 
 

Мәскеуде 4 жасар қыздың басын кесіп өлтірген әйелдің әкесі алғаш рет сұхбат берді


photo_24488
  03.03.2016 NewsTaraz.kz.

Мәскеуде 4 жасар қыздың басын кесіп алған Гүлчехра Бобокулованың әкесі алғаш рет сұхбат беріп.

Қызының бұрын-соңды бала күтуші болып жұмыс істемегенін, Құран оқымағанын және мешітке бармағанын айтты, — деп хабарлайды «Газета.Ru».

«Біз оның Мәскеуге барғанын қаламадық, осында жұмыс табатынын айтып көндіруге де тырыстық. Дегенмен ол алған бетінен қайтпай қойды. Мұнда іші пысатынын, ол жақта «қызы» бар екенін айтатын. Ол қыздың (Мәскеуде күтушісі болған) суретін жиі көрсетіп, оны қатты сағындым дейтін. Оған Самарқандта ештеңе қызық болмады. 23 қаңтарда ол Мәскеуге ұшып кетті, оны Самарқандтан өзім шығарып салдым. Ал оған дейін екі ай осында бізбен тұрды: теледидар көріп, сыныптастарымен кездесіп, өзінің балаларымен араласатын. Барлығы жақсы болды. Ол бізге жаңа құжат жасату үшін келді, себебі бұрынғысының уақыты өтіп кеткен екен», — деді 62 жастағы Бахретдин Тураев.

Сонымен қатар, Бобокулованың әкесі қызының ауру баланың күтуішісі болып жұмысқа орналасқанын естігенде қатты таңғалғанын жеткізді. «Оның бала бағушы болып жұмысқа қалай орналасқанын білмеймін, ол бұрын бұл отбасы туралы айтпайтын. Мәскеуде болғанда ол өзінің балаларын сағынғанын айтатын, мұнда келгенде өзі бағып жүрген қызды сағынғанын айтып, оны үнемі уайымдап жүрді», — деді ол.

Ер адам қызының 2002 жылы кенеттен психиатриялық ауруханаға түсіп қалғанын еске алды: «Ол ерсі сөздер айта бастады, түрлі дауыстарды еститін, бізді тыңдауды қойып, күйзеліске түсе бастады. Кенеттен есін жоғалтып алды. Мен оны тыныштандыратынмын. Ал ол болса маған үнемі қорқатынын айтататын. Біз оны ауруханаға апардық. Ол онда 13 күн жатты. Кейін босатты. Ол тағы екі апта үйде болды. Бір кезде қайтадан қан көргенін айта бастады. Біз тағы қорықтық та, оны қайтадан басқа ауруханаға апардық. Үшінші күні келгенімізде бізге оның қайтыс болғанын айтты. Ештеңе түсіндірген жоқ. Кейін оның геморрой болғаны, тірі екені анықталды. Дәрілер жазып берді. Ол оны ұзақ уақыт бойы ішіп жүрді. Тағы да барлығы қалпына келді».

Гүлчехраның үш ұлы бар. Үлкен ұлы Рахматилло қазір 19 жаста. Ауруханадағы жағдайдан кейін күйеуі онымен ажырасып, үлкен ұлын өзімен бірге алып кеткен.

18 жастағы екінші ұлы туризм колледжінде оқиды. Бобокулова оны 1,5 жыл ғана тәрбиелеген. Гүлчехра полицейлерге берген жауабында осы ұлы туралы айтқан. «Күйеу баламның әпкесінде бала болмады. Олар осыған қатты күйінетін. Біз оған көмектесуді жөн көріп, баланы солардың отбасына беруді ұйғардық. Гүлчехра бұған қарсылық танытқан жоқ. Баласымен ол қалаған уақытында кездесіп тұрды, бала оның өз анасы екенін білетін, — деді Тураев. — 2000 жылғы үшінші баласы ауылда бізбен тұрады, мектепке барады».

Тураевтың айтуынша, Бобокулованы ұстағаннан кейін Самарқанда оның үлкен ұлын да дереу қамауға алған. Ол бұған дейін Мәскеуде тұрып, қарашаның соңында Өзбекстанға қайтып келген екен: «Оны дүйсенбі күні кешке алып кетті. Оның қайда екенін, не болғанын білмейміз».

«Біз үлкен отбасымыз. Менің алты қызым, 19 немерем және бір шөберем бар. Оның істеген әрекетінен біз қатты шошындық! Кешіру мүмкін болса, оны, бізді кешіріңіздер. Балалар жылап жатыр, анасы төсек тартып қалды. Мен де, қызым да мұндайдың болғанын қалаған жоқпыз», — деді әкесі.

Сәрсенбіде өткен сот кезінде Гүлчехра Бобокулова қызды «Алланың бұйрығымен» өлтіргенін айтқан болатын. Дегенмен әкесі оның мешітке бармағанын, хиджаб кимегенін және Құран оқымағанын айтып отыр. «Алла туралы ол бұрын айтқан емес. Мен одан Мәскеуге кететін кезде жағдайын, ол жақта өзіне қалай қарайтынын сұрадым. Ол бәрі жақсы екенін айтты. Егер оған біреу айғайламаса немесе ұрыспаса, ол өте тыныш адам», — деді әкесі.


Гүлчехра Бобокулова екі айға қамауға алынды. © ria.ru

Сонымен қатар, Бобокулованың құрбысы РИА Новости басылымына берген сұхбатында әйелдің бірге тұратын ер адамның ықпалынан соңғы кезде ашуланшақ болғанын айтты.

«Гүлчехраның ұлты тәжік, Мәскеуге келгеннен кейін ол көбіне тәжіктермен араласып, тіпті олардың біреуімен бірге тұрды. Менің ойымша, ол сол адамның діни ықпалына түсіп қалған. Сол кезден бастап ол хиджаб кие бастады», — деді Азиза Гадоева.

Сонымен қатар, Гадоева Бобокулованың 2003 жылы күйеуімен ажырасып кеткенін айтты. Оның айтуынша, Гүлчехра Өзбекстанға келген кезде балаларымен де, бұрынғы күйеуімен де араласпаған.

Еске салайық 29 ақпанда 38 жастағы өзбек әйел Гүлчехра Бобокулова «Октябрьское поле» метро станциясының алдында ұсталған еді, әйелдің қолында қыздың кесілген басы болған, әйел өзін жарып жіберетінін айтқан. Народное Ополчение көшесінде орналасқан пәтерде бала бағушы өзі бағып отырған 4 жасар қызды аса қатыгездікпен өлтірген, кейін оқиға орнын өртеп, өзі қашып кеткен. Осыдан кейін ол метро станциясының алдына келіп, тұрған. Осы сәтте полицейлер оған жақындағанда әйел сөмкесінің ішінен бүлдіршіннің кесілген басын шығарып көрсетіп, өзін жарып жіберетінін айтқан.


 

 

(просмотры 6 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz