newstaraz.kz

 
 

Мұхтар Тайжан: Қытай зорлықпен жерімізді басып алмайды


pogudx5e3im6h7tvo.aa4d9e32
  02.06.2016 NewsTaraz.kz.
Фото: rus.azattyq.org

Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қоғам қайраткері, жер жөніндегі комиссияның мүшесі Мұхтар Тайжан жер мәселесіндегі қытайлықтарға қатысты өз пікірін білдірді деп хабарлайды Baq.kz.

«Қытайдан бүкіл әлем қорқады, шынымды айтсам. Бірақ мен Қытайды агрессиялық ел деп есептемеймін. Қытайларды қандай да бір жоспар құрып қойған агрессиялық халық деп есептемеймін. Меніңше, Қытай өзін әлем аренасында саудагер сияқты ұстайды. Яғни ол бізге ұсына алатын дүниесі болса — ұсынады, «сатып алу — сату» ұстанымы бойынша. Қытай зорлықпен әрекет жасамайды, жерді басып алмайды. Қытаймен қандай байланыс орнататынымыз өзімізге байланысты. Егер оған жер сатқымыз келсе, жалға бергіміз келсе, құдай бетін аулақ қылсын, әрине, бұл оның көңілінен шығуы мүмкін. Бірақ ол бұл әрекетке зорлықпен бармайды. Біз оған мұны ұсынамыз ба, ұсынбаймыз ба, осыған байланысты. Себебі мен керісінше, Қытайға жерді жалға беру туралы бастаманы Қытай емес, өзімізден шығарып отырғанын естідім. Сондықтан, біздің қалай әрекет ететініміз өте маңызды», — деді Тайжан

Мұхтар Тайжан жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмысын оң бағалап отыр.

«Жұмысымыздың нәтижесі жақсы болады деп сенемін. Себебі бұл тұжырымым комиссия жұмысымен негізделген. Қазір халық комиссияға зор үміт артып отыр, білемін. Мораторий жарияланды, қауіп жоқ, заң тоқтатылды. Қазіргі уақытта комиссиямыздың қандай сапалы жұмыс істейтініне байланысты», — деді ол.

Сондай-ақ ол митинг пен толқулардың түпкі себебіне де тоқталды деп жазады Qamshy.kz порталы.

«Қазір біздің экономикамыз өте күрделі жағдайда қалып отыр. Халықтың әл-ауқаты күрт төмендеп кетті. Кешегі митингілер тек жер мәселесінен емес, сондай әлеуметтік шиеленістерден туып отыр. Бүгінде елімізде 18 жасқа толған 9,6 миллион адам болса, олардың 7,3 миллионында түрлі несиелері бар екен. Ал, солардың ішінде 1,3 миллион адамның үш айдан бері төленбей келе жатқан төлемдері бар. Міне, осыдан-ақ әлеуметтік шиеленістің деңгейін көруге болады. Біздің экономикалық саясатымызды өзгертпесек, тиімді шаралар қолданбасақ, бұл жағдай одан әрі шиеленісе береді. Халық қазір әлеуметтік қиындықтармен қатар, басқару жүйесіндегі жемқорлықтан да әбден қажыды. Жемқорлық біздің мемлекетімізді құрдымға сүйреп барады. Бұл – үлкен қауіп», — дейді саясаткер.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz