newstaraz.kz

 
 

Мұхтар Тайжан: Үш атасы Қазақстанда туғандар жерді жалға алсын


pogudx2ribk6uq3tvg.854b4a61
  26.05.2016 NewsTaraz.kz.
Мұхтар Тайжан. Фото: time.kz

Жер реформасы жөніндегі комиссияның жанынан құрылған Құқықтық жұмыс тобының жетекшісі Мұхтар Тайжан үш атасы қазақ жерінде туылған ел азаматы жерімізді жалға алсын деген ұсыныс айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Бүгін күн тәртібінде біз екі мәселені қарап отырмыз. Жерді жалға береміз бе және жерді шетелдіктер жалға ала ма? Өз басым жерді белгілі бір шектеумен, көлеммен және мерзіммен жалға беруіміз керек. Үш атасы өз елімізде туылған азаматтарға ғана жерді жалға алу құқы берілуі керек деп ойлаймын», — дейді Мұхтар Тайжан.

Сондай-ақ, жұмыс тобының жетекшісі өз ұсынысында жерді жалға беруге қатысты көптеген пікірді айтты.

«Соның бірі – егер жерді жалға алған азамат үш жыл ішінде жерді ешбір өңдей алмаса, оның жері мемлекетке қайтарылуы керек. Сол сияқты, жердің құнарлылығын жоғалтып, тоздырған жалға алушылар да жауапкершілікке тартылғаны жөн», — дейді жұмыс тобының жетекшісі.



(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz