newstaraz.kz

 
 

Мұхтар Тайжан: «Қазақ жалқау» деген сөз – құлдық сананың көрінісі


pogudx2ribk6uq3tvg.854b4a61
  16.05.2016 NewsTaraz.kz.
Мұхтар Тайжан. Фото: time.kz

Жер комиссиясының отырысында экономист, Болатхан Тайжан қорының президенті Мұхтар Тайжан сөз алып, комиссия алдындағы негізгі міндеттер қандай болу керектігін атап өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Қазақты жалқау, еріншек дейтіндермен келіспеймін. Ол – құлдық сананың көрінісі. Осы қазір өзіміз отырған Астанадағы көптеген ғимараттар тәуелсіздік жылдары қазақтың қолымен салынды. Қазақты жалқау деу дұрыс емес. Өзім ауылшаруашылық саласында қызмет етіп жүрмін. Шаруаларымыздың да мүмкіндіктерімен таныспын», — деген саясаткер комиссия алдында қыруар міндет тұрғанын айтты.

«Президент «Халыққа ұнамайтын заң керек емес» деді. Біз де соны айтамыз. Халық соңғы бірнеше аптада өз ұстанымдарын білдірді. Ол ұстаным бойынша халық жерді шетелдіктерге сатуға да, жалға беруге де қарсы екенін көріп отырмыз. Осы столдың басында отырғандардың көбі ел жақсылары, академиктер, депутаттар, үкімет өкілдері. Бірақ, ешкім халықтан жоғарымын деп айта алмайды. Халық амалсыздықтан, шенеуніктер тыңдамаған соң митингке шықты. Қазір осындай мүмкіндік берілген соң, жер мәселесін ақылмен, сабырмен шешетін уақыт келді. Бәрін талқылап, бір шешімге келейік. Мәселен, үлесінде 49 пайыз шетелдік акциясы бар компаниялар жерді жалға ала ала ма? Осыны нақтылау керекпіз. Өйткені, бұған халық қарсы. 10, 25 жылға жалға беруге де қарсы. Біз бұл заңды өзгерту керекпіз. Мен өз басым ол заңға қатысты жұмыс тобына кіруге, сол үшін Астанада үй жалдап тұруға да әзірмін», — деді Мұхтар Тайжан.

Сондай-ақ, саясаткер жерге қатысты наразылық акцияларына қатысқан азаматтардың тағдырына да алаңдаушылық білдірді.

«Халық митингке шықпағанда, біз мынадай жиында отырмас едік. Сондықтан, комиссия ол митингке шыққан адамдардың қудаланбауын қамтамасыз етсін. Негізсіз «РОВД-ға» шақыруды тоқтату керек», — деді Тайжан.



(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

первый комментарии к Мұхтар Тайжан: «Қазақ жалқау» деген сөз – құлдық сананың көрінісі

  1. ХАЛҚЫМА РАХМЕТ.ОСЫНДАЙ АЗАМАТТАРЫМЫЗ БАР БОЛҒАНЫНА ҚУАНАМЫН.ЖАС БОЛҒАНЫМЕН ОЙЫ ХАЛҚЫМЕН БІРГЕ.ОСЫНДАЙ АЗАМАТ КӨП БОЛСЫН,СОНДА ХАЛҚЫМЫЗ ДА ӨСЕДІ,ЖЕРІМІЗ ДЕ САҚТАЛАДЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz