newstaraz.kz

 
 

Мұхтар Шаханов Қазақстанның 114 мемлекетке қарыз екенін мәлімдеді


pogudx7k67qsvvt1g.b69fcba8
  31.05.2016 NewsTaraz.kz.
Көрнекі сурет. Фото: kursiv.kz

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы 114 мемлекетке қарыз екен. 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мәлімет бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 153,5 миллиард доллар болыпты.

Бұл туралы Жер комиссиясының үшінші отырысында ақын Мұхтар Шаханов айтты деп жазады abai.kz.

«Мәселен, Өзбекстан Республикасы бірде-бір мемлекетке қарыз емес. Бірнеше мемлекетті асырауға жететін осыншама қыруар қарыз қандай игіліктерге жұмсалды? Тек Қытайдан алған қарызымыз 18 миллиард доллар екен. Елімізде әрбір жаңа туған нәресте 10 мың доллар мемлекетке қарыз. Масқара емес пе? Осыншама көп қарыз ел мүддесіне жұмсалды ма, әлде жеке қалталарға құйылып кетті ме?», — деді Шаханов.

«Ең алғашқы жиында жер туралы құрылған комиссияның 11 мүшесі ғана «жер шетелге сатылмасын және жалға берілмесін» дегенді қолдады. Ал бізге қарсы дауыс көтергендердің саны 59 адамға жетті. Бірақ біз алған бағытымыздан қайтпаймыз. Комиссияның екінші жиынында 59 адамның кейбіреулері шындыққа қарай бет бұрғанын да назарда ұстағанымыз жөн», — деді ақын комиссия отырысында.

Еске сала кетейік, Шаханов жиын барысында 24 мың қазақ қызының қытайлықтарға тұрмысқа шыққанын айтып, дабыл қаққан еді.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz