newstaraz.kz

 
 

Мұхамеджан Тазабек: Бізді сәләф дейтіндер отпен ойнап жүр


pogudx2tejc7051g8g.bee2cbb5
  28.06.2016 NewsTaraz.kz.

«Рейтинг» газетіне сұхбат берген ақын, «Асыл арна» телеарнасының бас директоры Мұхамеджан Тазабек оны сәләф дейтіндер отпен ойнап жүргенін мәлімдеді деп хабарлайды dalanews.kz.

– Мұхамеджан Оразбайұлы, Ақтөбедегі лаңскестердің әрекеті сәләфи ағымының жетегінде кеткендер деп түсіндірілді. Осы тұрғыда ашылғалы бері сынға ұшырап келе жатқан «Асыл арнаның» басы-қасында жүрген сіздерді де әлеуметтік желілерде сәләфи деп жатқандар бар…

– «Асыл арна» ашылғалы бірінші сын айтқандар да өзін сәләфимін деп айтып жүрген ағымның өкілдері болған. Олар қасиетті Мәдинә қаласында отырып алып, «Асыл арнаны» көруге болмайды, кімде-кім «Асыл арнаны» жабуға үлес қосса, үлкен сауап алады» деген сияқты пәтуаларды шығарған болатын.

Сол сияқты «сәләфи болуымыз керек» деген сөзді айтып жүрген, өзге ұлттан шыққан өз ішіміздегі ғалымсымақтар «Асыл арнаны» көрмеңдер, ол – бидғат, нағыз дінді насихаттамай жатыр» деп бізді айыптаған.

Сондықтан біз өзіміздің ондай теріс ағымда емес екенімізді сөзімізбен емес, ісімізбен дәлелдеп келе жатқан адамдармыз. Жұртқа көрсететін ісі жоқ адамдар артық сөйлейді. Ал біз айналысып жатқан нақты шаруамыз болғандықтан артық сөзбен айналыспаймыз.

Бізді білгіңіз келсе, шаруамызды көріңіз, «Асыл арнаны» таңертеңнен кешке дейін қараңыз. Дүниедегі ең қиын нәрсе – көптің талқысына салу. Өйткені көптің ішінде надан да бар, ғұлама да бар, сәулелі адамдар да бар.

Ал ол көптің көңілінен шығу мүмкін емес. Бізді ағыммен айыптайтындар қазақтың баяғы қу пенделік көре алмаушылығы ғой. Басқа түк те емес.

Біз сияқты терең тексеріліп, қатты қадағалауда отырған бірде-бір ұйым жоқ деп есептеймін. Өйткені біз әрбір бағдарламамыздың концепциясын жыл сайын министрліктегі Дін істері комитетімен, ҚМДБ-мен бірлесе отырып бекітеміз.

Одан кейін мұқият қарап отырған мүфтияттың арнайы маманы қол қоймайынша ол эфирге шықпайды.

ҚМДБ ұсынбаған дін адамы эфирден шықпайды. Сондықтан толық бақылауда, толық тексеруде отырған телеарна болғандықтан бізді кінәлау жөнсіз деп есептеймін. Біз — мемлекеттің саясатына, ҚМДБ ұстанымына және Әбу-Ханифа мәзхабы негіздеріне арқа сүйеп құрылған телеарнамыз.

Сондықтан бізді сәләфи деп айту – өте үлкен айыптау, отпен ойнау! Ол шиалардың қағидасы, соларға тән қағиданы сунниттердің арасына алып келіп кіргізу өте үлкен айып болып саналады. Расымен дәлелденіп жатса, бізді ғана емес басқаларды да бұлай айыптауға бүгінде тек құзырлы мекеменің ғана құқығы бар.

– Байқағанымыз, дінге қатысты құзырлы орындармен тығыз қарым-қатынаста әрекет етесіздер. Олай болса білетін шығарсыз, елімізде сәләфи ағымында қанша адам бар?

– Оны сол құзырлы орындардан сұрамасаңыз, санын нақтылап, тап басып айта алмаймын.

– Осы біздің қоғамдағы қыздарымыздың бүркемеленуі, жап-жас жігіттеріміздің күзелмейтін сақал қойып, балақтарын қысқартып, елден ерекшеленуіне көзқарасыңыз қалай? Өзіңіз де сақал қойдыңыз ғой…

– Әр нәрсе ретімен болуы керек. Ел ішінде бес жасар қызын да бүркемелеп жүргендер бар. Егер қыз бала әке-шешесінен көріп, қызығушылық танытқан болса, онда ол нәрседен тиюға болмайды.

Бірақ, бәлиғат жасына толмаған қызды қымтап, көпшілік ортасында алып жүру оған көтере алмайтын шоқпарды беліне байлап берумен тең ауыртпашылық болып табылады. Сондықтан баланы, әсіресе қыз баланы психологиялық тұрғыда қатты ескеруіміз керек.

Ал мектеп жасындағы, оқу орнындағы қыздардың киім үлгісіне Мәдениет министрлігі әлі соңғы нүктесін қойған жоқ. Әлі ел ішінде талқыланып, бұның кешенді жолдары қарастырылып жатыр.

Тарихымызға қарасақ, қазақ қызы қазіргідегідей жалаңаш жүрмеген. Және оны қара кигізіп, бетін де жаппаған. Сондықта біз осының ортасын табуымыз керек қой. Басқа елдің мәдениеті мен ғұрпына сәйкестендірілген үрдістерден де әдемі бас тарта білуге тиіспіз.

Және өзіміздің тарихымыздағы ғасырлар бойы ұстанған аналарымыздың, қыздарымыздың, келіндеріміздің жолын осы заманға бейімдеп насихаттай білуіміз қажет.

Ал егер жас жігіт шынымен әдепті болып, орнын білсе, адамдармен қарым-қатынасы жақсы болса, туған-туыстарының ризашылығын алып жүрсе, ортасында ісі өнегелі болса, қойған сақалы байқалмай да қалар еді.

Жалпы сақал қою қазақ дәстүрінде жоқ деп айта алмаймыз. Бірақ, өкінішке қарай көптеген жастар ішкі дүниесін немесе адамдармен қарым-қатынастарын, негізгі мәселелерді реттеп орнына қоймай тұрып, өзінің сыртын дұрыстаумен шұғылданып кетті.

Сондықтан ол сақал сүйкім емес, көзге оғаш көрінетін жағдайға душар болды. Сақалдан алдын адамның иманы, жұртпен қарым-қатынасы, аманатшылдығы, сөзінде тұруы, жұртқа жанашырлығы сезіліп тұратын болса, қандай сақал қойса да сезілмей қалады.

Ал керісінше болса, сырт пішіні дініне сөз келтіреді. Жалпы сақал сияқты жауапкершілікті алып жүру үшін жүзінен нұры төгілген, ісінен үлгі шашатын жақсы мұсылман болуға тырысу керек.

(просмотры 5 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz