newstaraz.kz

 
 

Ұлттық музейге Мәдина Ералиеваның сахналық костюмi табыс етiлдi


2016022414132997518_160329_603x354
  24.02.2016 NewsTaraz.kz.

Сыйға тартылған жәдігерлердің қатарында Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев және Зейнулла Алшынбаевтың жеке заттары, ҚР және КСРО Халық әртiсi Роза Бағланованың жеке заттары бар.

 

 

ҚР Ұлттық музейінде «Ұлттық музейге сый тарту» акциясының жалғасы ретінде жәдігерлерді қабылдау шарасы өтттi. Шара аясында музейге әншi Мәдина Ералиеваның сахналық костюмi мен пайдаланған баяны табыс етiлдi, деп хабарлайды baq.kz.

Бұл жолы Ұлттық музейге сыйға тартылған жәдігерлердің қатарында Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев және Зейнулла Алшынбаевтың жеке заттары, ҚР және КСРО Халық әртiсi Роза Бағланова және эстрада әншiсi Мадина Ералиеваның сахналық костюмдерi, отандық велошабандоз Александр Винокуровтың велосипедi және тағы бiрқатар жеке заттары бар.

«Бүгiнгi акцияны ұйымдастырудағы басты мақсат — ұлттық тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау мәселесiне қоғам назарын аудару, ел арасында елеусiз жатқан тарихи маңызы зор құнды заттарды, ұлтымыздың танымал тұлғаларынан қалған жәдiгерлердi көпшiлiк назарына ұсыну үшiн музейге тапсыруға үндеу. Себебi, мұндай жәдiгерлердi Ұлттық музейге тапсыру ол азаматтардың есiмiнiң өшпеуiне, өскелең ұрпаққа жетуiне кепiл болмақ», — дедi ҚР Ұлттық музейi директорының орынбасары Жакен Таймағамбетов.

Сонымен қатар ҚР көркемөнер Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тілеужан Батанов, символист-суретші, «Қазақ Елі» монументінің авторы, мүсінші Сембіғали Смағұлов, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, суретші-монументші Ерлан Сахипұлы сынды бiрқатар суретші, мүсіншілер де өз туындыларын музейге сый ретінде табыстады.

Еске сала кетсек, «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы 2015 жылы наурыз айында басталған болатын. Акция осы уақытқа дейін Астана, Алматы, Қызылорда қалаларында ұйымдастырылды. Нәтижесінде 1300-дей құнды жәдігер Ұлттық музей залдарынан орын алған болатын. Аталған шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Фото: www.rutraveller.ru

 


 

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz