newstaraz.kz

 
 

Лондон мэрі тығыз жұмыс кестесіне қарамастан ораза ұстап жүр


pogudx363bd8v0avdg.6a3f9e15
  07.06.2016 NewsTaraz.kz.
Садық  Хан. Фото: fdlx.com

«Guardian» газетіндегі авторлық бағанында Лондон мэрі Садық Хан оған ораза уақытында тағамнан емес, кофеден бас тарту қиын екенін айтты, деп жазады Би-Би-Си агенттігі.

«Әдетте көбіне кофеин жетіспейді. Іш пыстыратын кездесуларге көп баратынмын (биыл емес, әрине, себебі мен қазір әлемдегі ең тамаша лауазым иесімін! — С.Хан.) маған жұмысымды жалғастыру үшін кофеин қажет. Биыл оразаға дайындық ретінде, кофе ішуді азайтуға тырыстым. Тағам ішпеу қиындық тудырмайды, оған үйреніп кетесің», — деп жазды Хан.

Қала басшысы тығыз кестеге қарамастан бір ай бойы ораза ұстамақ.

Лондон мэрі дәстүрлі ислам дінінде болып, батыстық либералдық көзқарасты ұстануға болатынын көрсетпек.

«Мені мұсылман саясаткер ретінде қабылдағанын қаламаймын. Мен мұсылман көшбасшы және оның ресми өкілі емеспін. Адамды дініне қарай бағалау қажет еместігіне мысал болса деймін. Әр адамның әлеуметтік рөлдері бар: мысалы мен Лондон тұрғынымын. Баламын, әкемін, мэрия — уағызбен айналысатын орын емес», — деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, ол Рамазан — «бұл мұсылман қоғамы үшін игілік жасауға және ислам жайлы алып-қашпа әңгімелерді сейілтуге тамаша мүмкіндік» екенін атап өтті.

ИА «Казинформ»

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz