newstaraz.kz

 
 

Әлмира Ахатова: Қазақ қызы қазақ тілінде сөйлемегенде қай тілде сөйлейді?


pogudx3idc3u8f329g.d3d293f0
  26.03.2016 NewsTaraz.kz.

Жақында Астанада өткен республикалық «Қазақ аруы-2016» сұлулар байқауында жеңіске жеткен атыраулық Әлмира Ахатова елдің көкейінде жүрген біраз сауалдарға жауап берді деп хабарлайды Ақжайық басылымы.

Қазылар алқасы 19 жастағы Әлмираны байқауға қатысушы 21 қыздың ішінен таңдап алды. Әлеуметтік желілерді қолданушылардың басым бөлігі жеңімпаз арудың жеңіске әбден лайықты екенін айтып, оған баға беріп те үлгерді.

Оның өмірлік ұстанымы — өмірдің әрбір қиындығына төтеп беру, еш мойымау, жақсылыққа сену. Әлмираның айтуынша, оған әжесінің тәрбиесі мен кітаптар, әсіресе, Абайдың өлеңдері мен қара сөздері ықпал еткен.

— Әлмира, өзің туралы айтып өтсең.

— Мен Атырауда дүниеге келдім. Бастауыш сыныптарды Исатай Тайманұлы атындағы №27 орта мектепте оқыдым. Кейін отбасылық жағдайға байланысты Махамбет ауданына көштік. Үйде төрт баламыз. Мен тұңғышымын. Менен кейін екі інім, бір сіңлім бар. Махамбет ауылында тұрғанда әжемнің қолында тәрбиелендім. Әжемнің берер өнегесі мен көрсеткен үлгісі мол болды. Қазір Астана медицина университетінің 3-курсында оқимын. Мен бұл медицина мамандығын өзіме бұл сала қатты ұнайтын болғандықтан таңдадым. Әсіресе, нейрохирургия мамандығы ұнайды. Алла қаласа, оқуымды тәмамдаған соң осы мамандық бойынша жұмыс істегім келеді. Айтпақшы, менің атам мен әжем де медиктер.

— Кастинг қалай өтті?

— Кастинг туралы естісімен «бақ шаба ма, бап шаба ма» деп бағымды сынап көрейін деп барғанмын. Екі кезеңнің сынағынан өтіп, Алматы қаласына әр облыстан келген 21 қыз жолдама алдық. Конкурсқа бір жарым ай бойы дайындалдым. Байқауға дайындық кезінде тек қана хореография емес, сондай-ақ, қазақтың салт-дәстүрлерін, еліміздің географиясы, тарихын қайталап оқыдық. Бұл өте пайдалы болды. Байқаудан алған әсерім керемет. Ол жоғары деңгейде өтті деп ойлаймын, іріктеуден өткен барлық қыздар жеңімпаз атануға лайықты болды. Дегенмен, қазылар мені таңдағанына қуаныштымын. Алтын тәжді басыма кигізгенде сондай қуанышта болдым.

— Бұрын-соңды сұлулар байқауына қатысып көріп пе едің?

— Жоқ. Бірақ «Қазақ аруы» байқауын жыл сайын теледидардан көріп тамашалайтынмын. Меніңше, бұл заманауи қазақ қызының шынайы келбеті қандай болу керек деген сұрақтарға жауап беретін жалғыз байқау.

— Байқауда Абайдың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыдың. Оның шығармашылығы өзіңе ұнайды ғой?

— Өте ұнайды. Ұнайтыны сондай, мен мектепте оқып жүрген кезімнен Абайдың 120-дан астам өлеңін жатқа білемін, қара сөздерін сүйіп оқимын. Жалпы, поэзияға жаным құмар.

— Әлеуметтік желілерде байқаудан соң орыс тілінде сұрақ қойған журналистерге сұхбатты қазақша берді деген жазбалар көбейді. Өзің бұл туралы не айтасың?

— Бұл принцип қуу немесе сенсация жасау емес. Байқау кезінде де, күнделікті өмірде де қазақ қызы қазақ тілінде сөйлемегенде қай тілде сөйлейді? Бұл бір. Екіншіден, «Қазақ аруы» байқауының ең басты талабы да сол – байқауға қатысушы қазақ тілін жетік білуі тиіс.

— Сенің жеңісіңнен кейін байқау продюсері Баян Есентаева тарапынан қандай да ұсыныстар болды ма?

— Әзірге ұсыныстар түскен жоқ, бірақ бәрі алда деп ойлаймын. Негізі байқау жеңімпазы продюсермен келісімшартқа отыруы қарастырылған. Бұл алдағы күннің еншісіндегі нәрсе.

— Оқырмандарды Әлмираның сүйіктісі бар ма деген сұрақ қызықтыруы мүмкін.

— Бұл сұраққа жауап бере алмаймын.

— Болашаққа құрған қандай жоспарың бар?

— Қандай да бір ұсыныстар, жобалар болса, сырт қалмай мүмкіндікті жібермеуге тырысамын. Оны да уақыт көрсетеді.


(просмотры 2 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz