newstaraz.kz

 
 

Әлемдегі ең кедей президент туралы не білеміз?


  20.04.2017 NewsTaraz.kz.

Хосе Альберто Мухика Кордано. Фото: ikerim.kz

Хосе Альберто Мухика Кордано – Уругвай мемлекетінің басшысы. Оның өмір сүру стилі өзге ел президенттерінен өзгеше деп жазады Ikerim.kz.

78 жастағы Эль Пепе (жергілікті тұрғындар оны осылай атайды) өзінің барлық табысын толығымен қайырымдылыққа жұмсайды екен. Нәтижесінде ол әлемдегі ең кедей, ең жомарт елбасы аталып кетті.

Президент айына 263 000 песо (уругвай валютасы) айлық алады. Содан өзіне тек 23 300 песо қалдырады екен.

Сондай-ақ, ол кең сарайдан бас тартып, қазір қарапайым ауылдағы бір үйде тұрып жатыр. Тұрмысқа қажетті суды ауладағы құдықтан алады. Жарымен бірге қарапайым жұмыстармен айналысады, үй ауласына ағаш егіп, гүл отырғызып, соларды күтіп-баптайды.

Хосе Мухика партизан қозғалысының қатысушысы болған, бірнеше жарақат алған және 14 жылын әскери түрмеде өткізген. Оның президент болғалы алған ең қымбат дүниесі – 1987 жылы жасалған «Фольксваген Жук» автокөлігі. Құны – $1945.

(Просмотры 4 , 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


 
 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

   
NewsTaraz

NewsTaraz