newstaraz.kz

 
 

Көліктен шықпай дәрет сындырған полицейдің қылығы жұрттың ашуына тиді (фото)


pogudx1q3lvak8q8a8.d5332ba3
  27.09.2016 NewsTaraz.kz.
Фото Әрсен Шуақовтың Facebook парақшасынан алынды

Көлігінен түспей, жол бойына дәрет сындырған полицей қызметкерінің қылығы желі қолданушыларының ашуына тиді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл көріністі Әрсен Шуақов есімді желі қолданушысы Facebook парақшасына жүктеді. Суреттен орта жастағы полицей қызметкерінің көліктен түспей жатып, отырған күйінде жол бойына дәрет сындырғаны анық көрінеді.

Тіпті машинаның нөмірі де суретте анық көрініп тұр. Бұл нөмірге қарап, оқиға Алматыда немесе Алматы облысында орын алғанын аңғаруға болады.

Фото Әрсен Шуақовтың Facebook парақшасынан алынды

«Осы бір ғана сурет арқылы Қазақстанның ІІМ-дегі барлық полицейлерді айыптап, олардың өз жұмысына деген құрметіне күмәнмен қарауға болмас. Бірақ желіден «мас полицей» дегенді теріп, іздесең олар туралы деректер өріп жүр.

Ішімдікке тойып алған полицейден жаман не бар?», — деп жазды ол. Сонымен бірге, ол халық алдында ант берген офицерге мұндай қылық мүлдем жараспайтынын айтты.

Суретті көрген желі қолданушылары түрлі пікірлерін жеткізді. Олар полицейді ішімдікке тойып алған деп болжап, бұл әрекеті арқылы ол бүкіл Қазақстан полицейлерінің атына кір келтіргеніне наразы болды.

Бүгінгі таңда әкімшілік полиция комитеті полицейдің аты-жөнін анықтап, бұл жағдайға қатысты толық тексеріс жүргізуде.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz