newstaraz.kz

 
 

«Еуразия» арнасы митингіге шыққандардың 150 доллар алғанын «дәлелдеді» (видео)


2016-05-14_22-01-33
  15.05.2016 NewsTaraz.kz.

Өздерін “Қазақстанның бірінші арнасы” деп атайтын (баяғы “Еуразия” арнасы) өткен жолы жер дауына байланысты митингіге шыққандардың 50-ден 150 долларға дейін ақша алғанын дәлелдейтін видео жариялады.

Бұл туралы dalanews.kz хабарлайды.

«Барлықтарыңыз мына видеоға назар аударыңыз. Біз мұны өзіміздің дереккөздерден алдық. Анығында, бұл дерек бізде бұрыннан бар, тек енді ғана көрсетіп отырмыз. Отанымыздың қамы үшін. Бұл өте маңызды», —  дейді бағдарламаның басында журналист Руслан Смықов.

Видео бірнеше секундтан тұрады екен. Оны біреудің аяғы, біреудің қолы және американың ақшасы көрсетілген екен. Долларды біреу елдің бәріне көрсетіп қойып артқы қалтасына салады.

Телеарна видоены бірнеше рет айналдырып көрсетеді. Осы видоеға пікір білдіріп отырған жүргізушілердің айтуынша, митингіні ұйымдастырғандарға 50-ден 150 долларға дейін төлеген.

«Еуразия» арнасы осы арқылы алаңда ақысы төленген арандатушылар жүргенін дәлелдемек болыпты.



(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz