newstaraz.kz

 
 

Ермек Тұрсынов: Қайрат Нұртас пен Заттыбектің әнін маймылдар тыңдайды


pogudx68asn8evu16.9ab7bb04
  05.06.2016 NewsTaraz.kz.

Қазақстандық режиссер Ермек Тұрсынов әнші Қайрат Нұртас пен Заттыбек Көпбосынұлының тыңдармандарын бандерлогтарға теңеді.

Үнемі қазақы халықтың сынына қалатын режиссер Ермек Тұрсынов «NewTimes.kz» басылымына берген сұхбатында қос әншінің тыңдармандарын маймыл тектес халыққа теңеп, жұртты тағы бір мәрте шулатты деп хабарлайды Stan.kz сайты.

«Қайрат Нұртас пен Заттыбек ән орындаған жерде зал толы маймыл-бандерлогтар отырады. Олар өз көсемдерін тапқандай. Дисней бұндай жайттар туралы жақсы туынды түсірген. Ақылды адамдар мұндай жайттардан кезінде жақсы мультфильмдер түсіріп тастаған. Мен теледидарды көп көре бермеймін. Жаңа жылда болса керек, демалыстың кезі, арналардың бірінен Қайрат Нұртастың бенефисін көрсетті, артынша Заттыбек жайлы болды. Тағы бір арнадан басқа осындай әншілер жайлы көрсетіп жатты. Бұл дегеніңіз апатты жағдай», — дейді режиссер.

Режиссердің пікірінше қазіргі жастардың талғамы төмен.

«Егер бізге Филипп Киркоров келетін болса билетін қанша боларын білмедім, бірақ ол үлкен оқиға болар еді. Адамдар шын өнерді, талантты көріп, ойлары өзгерер ма еді. Ересектер жақсы мен жаманды сүзгілей аламыз, ал жастар ше олар осындай арзан дүниені ол сондай болуы керек деп түсініп жүр. Сондықтан олар қауқарсыз. Не ұсынсаң, сонымен қоректене береді. Ең ақымақ балық лақа сияқты, аузына түскенді жұта беретін», — деді режиссер.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz