newstaraz.kz

 
 

Ерке Есмаханның ағасы ниқаб киіп, тұмшаланып жүретіндерге қарсы шықты


Ерке Есмаханның ағасы ниқаб киіп, тұмшаланып жүретіндерге қарсы шықты
  23.04.2016 NewsTaraz.kz.

Ақтөбеде танымал әнші Ерке Есмаханның ағасы Бауыржан Есмахан бастаған дін қызметкерлері студенттер сарайында жастармен кездесті деп хабарлайды NUR.KZ порталының аймақтағы тілшісі.

Студенттер таза қазақ тілінде өткен шара тақырыбының орыс тілінде («Правовая культура и правовое образование – как средство профилактики экстремизма и радикализма»)  жазылуын түсінген жоқ және оны кемшілік ретінде атап, ұйымдастырушыларға ескертті.

«Филология факультетінің студентімін, сондықтан қазақ тілінде өтіп жатқан шараның тақырыбы орыс тілінде жазылып тұрғаны ұнамады» деген студентке Жұбанов университетінің оқытушысы Миров ұрсып тастады.

«Филология тек қазақ тілімен есептелмейді. Қазір ағылшын, орыс, бәрі де болады. Елбасы үш тілді айтып жатыр. Ол қате емес», — деді Мұхтар Миров.

Кездесу кезінде дін қызметкерлері қара киіммен бүркеніп жүруге қарсы екендерін ашық айтты.

«Біз тұмшалап, ниқаб киіп жүруге қарсымыз. Ұятты жерді жабу үшін басқа елдің киімін немесе қара түсті киім таңдау шарт емес. Салт-дәстүрімізге сай ұятты жерімізді жабуымыз керек», — дейді дін істер басқармасының басшысы Бауыржан Есмахан.

Ол басқа ағымда жүргендердің дәстүрімізді ғана емес, тілімізді де қорлап жүргенін айтып кетті.

«2010 жыл болу керек, мешітте отырғанда 18 жас шамасындағы бір жас жігіт келді. «Брат, мен сестраммен үйленейін деп едім» деп дәл осылай айтты. Білесіздер ме, олар біздің дәстүрімізді ғана емес, тілімізді де мазақ қылады. Мен ерегісіп: «Сестраңды алайын деп жатсың ба» дедім. Неке ойыншық емес», — дейді ол.

Кездесуде студент жастар суретке түсуге қатысты «Сурет салуға қатысты айтып кетіңіздерші, жанды табиғатты салуға болмайтыны рас па, қандай суреттер салуға болмайды?» деп дін қызметкерлерінің пікірін сұрады.

Әлеуметтік желіге өзінің суретін жиі салатын Бауыржан Есмахан бұл тұста ештеңе деген жоқ. Танымал әнші Ерке Есмаханның ағасы Бауыржан осыған дейін парақшасына шорты киіп түскен суретін салып, NUR.KZ порталында «сәнқой молда» атанған болатын. Бұл тұста ере келген наиб имам сөз алды.

«Егер шариғатпен тікелей жауап берсем, пайғамбарымыз «кімде кім суретті өз қолымен салып, оған көз салатын болса, қиямет күні Алла Тағала сол пендесіне «Пендем, сен мынау суретті салдың, соны тірілтіп көрші» деп сұрақ қояды екен. Сол кезде пенде тығылатын жер таппай, қатты қиналады. Ал суретке түсуге рұқсат берілген. Селфи жасамай-ақ қойыңыздар. Қолдарыңыздан келгенше, өздеріңізді сыртқа жарнамаламағаныңыз жөн»,- деді наиб имам Мұхиддин Асқарұлы.

Сонымен қатар, студенттер әлеуметтік желіде жиі таралатын ақпараттарға не себепті тыйым салынбайтынын сұрады.

«Қазір «Ораза басталатынын бірінші ескертсең, тозақ отынан, қабір азабынан сақталасың» деген хабарламаны бәрі бір біріне таратып жатыр. Бұл жазба қате, оны ҰҚК қызметкерлеріне де айттым. Еш әрекет жоқ. Жалпы, қандай әлеуметтік желіде отырған дұрыс», — дейді 1-ші  курс студенті.

Қауіпсіздік комитетінің атын естіген наиб имам ыршып кетті.

«Енді ҰҚК демей-ақ қойыңыз, «К» әріпінің өзі жаман естіледі. Арнайы мамандары деп сөйлеңізші. Ең жақсы жолды іздегіңіз келсе, ғаламторға кірмеңіз. Ең дауасы сол. Кітап оқығанға ештеңе жетпейді. Ораза туралы таралып жатқан ақпарат өтірік», — дейді Мұхиддин Асқарұлы.



(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz