newstaraz.kz

 
 

Еліміздің ең тартымды жас арулары


pogudx1fu65qhrrqko.e6d9a19f
  26.05.2016 NewsTaraz.kz.

Twitter, Facebook, Instagram және ВКонтакте секілді әлеуметтік желілер дамығалы бері, оны қолданушылардың арасында ерекше көркімен талайдың жүрегін жаулап үлгергендер табылды. Бұл туралы cosmo.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген ең тартымды қазақстандық атағына лайық бес үздік жас арумен таныс болыңыз.

Айсәуле Бақытбек

Ең тартымды жас арулар тізімінде танымал қазақстандық продюсер Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Бақытбек көш бастады. Айсәуле — әнші де, әртіс те емес. Алайда оған деген көпшіліктің қызығушылығы арта түсуде. Бұған таң қалудың қажеті жоқ.

Себебі, бойжеткеннің сұлулығы мен Instagram желісіндегі көздің жауын алар фотолары талайдың жүрегін жаулаған. Оның табынушылары аруды «анасындай білімді, ақылды әрі тартымды» деп мақтауларын жаудырып жатады.

Карина Өксікбаева

Бұл аруды @yuframe вайнерлер тобының арқасында танымайтын адам жоқтың қасы. Карина тартымды келбетімен ғана емес, жартылай жалаңаш фотоларымен де өзіне табынушылар жинап үлгерген.

Вайнерлер тобы бойынша Арман есімді әріптесімен жолы екі бөлек кетсе де, ару өз танымалдығын жоғалтпауда.

Әлия Әлімжанова

Әлияның Instagram желісінде танымал болғанына бірталай уақыт өтті.

Бойжеткен «Хан Шатырдың I Вице-аруы» атанып, модельдік агенттікте жұмыс істейді. Өз парақшасында фуд-блог жүргізіп түрлі салаларда өзін көрсетіп жүрген жан-жақты ару.

Фаридахон Ағзамова

Фариданың дарынына шек жоқ секілді. Ол өз Instagram парақшасында тігінмен, сурет салумен, фото-видеоға түсумен әуестенетінін байқатқан.

Арудың ақылы көркіне сай екенін оның жазылушылары да байқап жүр.

Аружан Надирова

Карате-додан қара белбеу иегері Аружан — күнде жаттығулар жасап, әдемі дене бітімін сақтап жүрген арулардың бірі.

Барлық фото Instagram әлеуметтік желісінен алынды.



(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz