newstaraz.kz

 
 

Елдос Сметовтің анасы: Ұлым күрескенде үйде отыра алмай, далаға шығып кеттім (фото)


pogudxuvicsp2t9k4.c1f34993
  10.08.2016 NewsTaraz.kz.

Дзюдодан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметовтің ата-анасы ұлының жүлдесіне қуанған барша қазақ халқына рахмет айтты.

pogudx37m7t8lc2agg.0a35c2d4
Фото: baq.kz

Бұл туралы Жамбыл спорты хабарлайды.

«Елдосқа жанкүйер болған барша қазақстандықтарға алғысымыз шексіз. Баласы атқа шапса, ата-анасы үйде отырып тақым қысар қазақпыз. Біз де басқалар сияқты жанкүйер болдық. Әр кездесуін тапжылмай отырып тамашаладық. Әсіресе, ақтық сында ресейлік балуанмен белдескен сәттегі әсерді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Соңғы сәттерге дейін теледидардың алдында тым-тырыс отырдық. Финалдық кездесуде тең түсіп, қосымша уақыт белгілегенде тіптен қоярға орын таппай, тыпыршып қалдым. Елдос ұтылып, басын ұстап жатқанда да үнсіз қалдық. Кішкене уақыттан кейін ғана үлкен ұлым Жандос шапалақ ұрып, «күміс» деп айқайлағанда барып есімізді жинадық. Елдостың ылғи бірінші орын алып жүргеніне әбден үйреніп алыппыз. (Күліп). Әрине, кез келген спортшы Олимпиада шыңын бағындыруды армандайды ғой. Ұлымның бұл жеңісі де сол шыңнан кем емес деп ойлаймын», — деді Елдостың әкесі Бақтыбай.

pogudx1t6mtvoi8n8o.9f9260a4
Фото: vk.com

«Елдос ұлым барлық жанкүйерлерінің үмітін ақтап, ел намысын абыроймен қорғап шыққанына шын қуандым. Жалпы, Елдос күрескенде мен далаға шығып кетем. Оны басынан аяқ қарап отыруға ана жүрегі шыдасын ба?! Қай жарыста болмасын, ол кілемге шықса, мен сыртқа шығып, тілеуін тілеп отырамын. Сосын, біраз уақыт өтіп, «жеңді!» деген дауысты естігеннен кейін ғана үйге жүгіріп кірем. Кешегі жарыстағы әсер мүлде бөлек. Ол кезде де далаға шығып кеттім, бір айналып келіп терезеден қарасам, әлі күресіп жатыр екен. Тағы да кетіп қалдым. Келесі келгенімде балам басын ұстап кілемде жатыр. Ұлым Жандостың секіріп қуанғанынан кейін ғана қуаныштан жылап жібердім. Бірақ, теледидарға қарасам Елдостың ынжырғасы түсіп, көңілі босап тұр екен. Сосын, бірден Елдосқа «Ұлым, қуаныштан жүрегіміз жарылып, біздің төбеміз көкке жетіп жатыр. Керемет! Сен біздің мақтанышымызсың. Ешқандай уайымдама!» – деп, хат жолдадым. Артынша күліп тұрған суреттерімен жауап жазды», — дейді батыр ұлдың анасы Тоқтаргүл.

Қазақстанға күміс жүлде сыйлаған батырдың анасы Тоқтаргүл ұлының талай рет еңсесі түссе де, жасымай алға басқанын айтты.

pogudx4o307ft69ps.8f3c2a89
Фото: Instagram

«Қай кез екені есімде жоқ, бір жарысқа барып, ертесіне телефон шалды. Жеңілген бе, әлде ағайынан сөз естіген болу керек, көңіл-күйі жоқ. Оның алдында да бір-екі жарыста жолы болмай жүрді. «Мама, мен қазір киімдерімді тастап, бәріне қол сілтеп үйге қайтайын ба?» – деді. Сосын мен: «Ұлым, олай болмайды. Қандай дүние болмасын, оңайшылықпен келмейді. Бұлай болды екен деп, бәріне қол сілтей берсең, сенен ештеңе шықпайды. Олай істеме! Екеумізге демалуға болмайды. Мына жақтан мен демалсам, арғы жақта сен демалсаң, сонда кім жетістікке жетеді?» – деп, әкесі екеуміз екі жақтан демеу бердік. Келесі күні келіп қалар ма екен деп ойладық. Жоқ, келмеді! Шыдады. Одан кейін, бұндай сөз айтқан емес. Өмір болған соң, бәрі де болады ғой. Бұл жеңілістен де сабақ алады деп ойлаймын», — дейді батырдың анасы.

 pogudxuvicsp2t9k4.c1f34993

Ата-анасының айтуынша, Елдос Олимпиададан келген соң алаңсыз ауылда демалады екен. Ал Елдостың әкесі ұлының түбінде Олимпиада алтынын мойнына тағатынына сенімді.

Еске сала кетейік, Рио Олимпиадасының алғашқы жарыс күнінде Елдос Сметов күміс жүлдегер атанды.

Empty settings (View 2216c5d386 does not exist)
(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz