newstaraz.kz

 
 

Экс-депутат «жақсы келін» болудың сырын ашты


pogudx430mnsbkri5.f7c23012
  24.02.2016 NewsTaraz.kz.

Бүгінде заман ағымына ілесіп, ұлттық тәрбиені ысырып тастағанымыз көңілге қаяу түсіреді.

Соның ішінде «Гендерлік саясаттың» салқыны елімізге жоғалудың жолын нұсқап тұрғандай. Атамыз қазақ «Сау басыңа сақина тілеме» деп бекер айтпаса керек.

Мына заманда қатын би болып, еркек құл болып бара жатқанын ескерсек қайтеді? Қазіргі биліктегі ел тізгінін қолға алып, «басшысымақ» болып отырған әйелдердің көкірегінде қандай ой сайрап жатқанын кім білсін?!

Сонымен ретін тауып билікке араласумен қатар, отбасының сәні болып, қанша жетістікке қол жеткізсе де, «Отағасының арқасы, ата-енемнің маған деген мейірімі» деп айтатын әйел заты саусақпен санарлық. Abai.kz сайты  сондай сүйікті жар, инабатты келін, аяулы ана, сонымен қатар қызметте қажырлығымен танылған Оразкүл Асанқызынан үлкен лауазым мен отбасы берекесін қатар қалай алып жүруге болатыны туралы сұхбат алды.

Оразкүл Асанғазы әңгімесінің басын, өткен күнге көз сала отырып, өзінің алғаш тұрмысқа шығып, келін атанған бақытты сәттерінен бастады. Оразкүл апай: «Ата-енемнің маған деген шексіз мейірімін жеткізу мүмкін емес», – дейді. Әсіресе, ененің рахатын көп көрдім деп толғаныспен көзіне жас алып, сағынышпен айтты. «Ата-анамның жоқтығын білдірмеді, келін мен ата-ене болып әй-шәй десіп көрмеппіз», – дейді.

Бүгінде апай – бес баланың анасы, қазақ халқының салт-дәстүрін қасиет тұтып отырған шаңырақтың ибалы келіндерінің бірі. Бір ауданның әкімі бола жүріп қызметімен қатар таңнан сиыр сауып, ата-енесіне иіліп шай құйып үлгеретінін айтып отырғанда «міне қазақтың тәрбиелі қызы, инабатты келіні» деген сөз ауызға оралады.

«Билікте жүріп көз жеткізгенім өзге елдің тілінде сөйлеп, солардың дәстүрін ұстанып, қазақтың тасын биікке өрлете аламыз деп құр сөзбен көпіріп, қу шөппен ауыз сүрту, далбаса», – дейді Оразкүл апай.

Биліктегі әйелдер туралы

Әрине, сіздердің де реніштеріңіздің орны бар. Билікке келген көп әйелдер, еркектерді жамандауды әдетке айналдырып алды. Бірінші тағатын кінәсі «әйелдердерге билік бермейді» дейді. Бірақ, сапасына, санасына, қарамай әйел екен деп депутат етіп, билікті беру елдің жойылуына әкеліп те соғуы мүмкін. Әсіресе, өзге тілде тәрбиеленіп, білім алып, басқа елдердің, жат жұрттықтардың мәдениетін, салт-дәстүрін қазақтың салт-дәстүрінен жоғары қоятындарды мүлдем басшылық орындарға жіберуге болмайды. Олар қолындағы билікті пайдаланып, қазаққа орасан зор, жамандық әкелуі мүмкін. Мұны тарих неше мәрте дәлелдеді. Египет патшасы Клеопатра «жеңіл жүріске» салынып, жау елінің басшысына ғашық болып, елін, халқын жатжұртқа құлдыққа салып берген жоқ па? Еуропа тарихында мұндай қасіретті оқиғалар толып жатыр.

Ана болу бақыты

Төрт сиыр сауып, ас дайындап, жұмысыма да үлгеремін. Әйел затының бірінші бақыты – ана болу. Әр бала туған сайын әйел жасара береді. Енемнің мына бір ұлағатты сөзі есімде қалыпты: – Біз барда, жас кезіңде баланы өмірге әкеліп ал, одан кейін бәрі де кеш болады, – дейтін. Бесінші баламды мектеп директоры болып жүргенде дүниеге әкелдім.

Қазақтағы «келін» деген сөздің мағынасы терең. Ол « кел, іңге кір» деген мағынаны бідіреді. Яғни ол отбасының заңын қабылдай алмасаң, ол үйге келін болып босаға аттамай-ақ қой. Осы тәртіпті біліп өскен қыз келешекте ошақ қасының шырағы, отбасының берекесі бола алатынына сенімдімін.

Мен қыз кезімде шырайлы Шымкенттің, Сарыағаштың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын ұзын құлақтан естіп жүретінмін. Сонда ол жерде келін орамал тартып жүреді, сиыр сауады, ерте тұрып аула сыпырады, бала табады, ата-енесіне, және күйеуінен үлкен туған-туыстарының бәріне сәлем салады, қайнысымен, қайын сіңлілерінің атын атамай, ат қояды, бір сөзбен айтқанда, бәріне үлгереді дейтін. Сосын мен өзімді-өзім тәрбиелей бастадым, сол тіршілікті басымнан өткізуге дайындалдым. Ал қазіргі қыздар өзінің қайда баратынын, қандай ортаға келін болатынын ескере бермейді. Аула сыпырса өзінің үйі емес пе, сәлем салса сүйген жарының ата-анасы емес пе? Сиыр сауса өзі де балалары да қаймақ жеп, айран, сүт ішпей ме? Бұл жатжұрттықтардың қазақ отбасын ойрандау саясатынан туындаған.

Жарының екінші әйел алуына деген мәселеге көзқарасы

Біздің жасымыздағы әйелдердің психалогисы бұған әлі дайын емес. Бұл түсінік әйелдердің санасына сіңу үшін біраз уақыт өту керек. Өйткені кеңес үкіметінің коммунистік идеологиясы қазақ әйелдерін ұлттық асыл қасиеттерінен ажыратып, аяулы әже, ардақты ана, қадірлі ене, инабатты келін, сүйікті жеңеше емес – тек жұмысшы, малшы, сушы, құрылысшы, тракторшы, хатшы жасады.

Қызметтік жолында кім сүйеуші болды?

Дәл мына кісілер менің сүйеушім болды деп айта алмаймын. Ондайлар болған емес. Тамыр-таныс жағалап, карьера қуып, абыройымды төгу, мансапқорлық маған жат.

Источник: Nur.kz

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz