newstaraz.kz

 
 

Дінтанушылар қазақ жігіттерінің арасында гейлердің көбейгенін айтып, дабыл қақты


pogudx8saseqrpubq.17830245
  18.05.2016 NewsTaraz.kz.
Көрнекі сурет. Фото: clubtone.net

Дінтанушылар қазақ жігіттерінің арасында гейлердің көбейгенін айтып, дабыл қақты. Ақтөбеде жамағатпен кездесу өткізген Арман Қуанышбаев ән тыңдауда абай болуға шақырды.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

«Ән мәселесі туралы сұрақтар өте көп. Сахабалар өлең айтқан, пайғамбарымыз оған тыйым салмаған. Ақынның өлеңі болсын, ызыңдап айтқан әншінің өлеңі болсын мағыналы, мәнді болса тыңдаңыз. Бірақ, өлең тыңдай беріп «дискоман» болып кетпеңіз. Таңнан қара кешке дейін басыңызды шұлғып, екі құлағыңызға құлаққап тығып алып, күніңізді өлеңмен өткізбеңіз. Абай атамыз «әннің естісі бар, есері бар» деп айтқан. Болмағыр өлеңдерді тыңдай беремеңіз», — дейді Арман Қуанышбаев.

Ол сезімге толы өлеңге көп елтудің еркектік бейнеден шығаратынын айтты.

«Жастар махаббат жайлы өлеңдерді сәл азайтсын, әсіресе, ер азаматтар. Ол сізді біріншіден жұмсартып, еркектік бейнеңізден шығарып та жіберуі мүмкін. Біздің қазақтың көп жігіттері қазір сол өлеңдерді тыңдаймын деп арнайы клубтарға кетіп жатқаны бар. Арнайы клубтарға барып, өзіне жігіт тауып алады. Рас, жігіттеріміз өзіне жігіт тауып алып жатыр. Құдай өзі сақтасын, сол үшін өздеріңізге абай болыңыздар. Мен тозаққа бара жатырмын деген өлеңдерді қойыңыздар», — дейді исламтанушы.



(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz