newstaraz.kz

 
 

Димаштың костюмін аукционда 7 миллионға сатып алған адам оны өзіне қайтарып берді


  16.05.2017 NewsTaraz.kz.

Димаш Құдайберген байқаудың бірінші кезеңінде. Фото: instagram

«Мен әншімін» байқауында Димаштың алғашқы әнді орындағанда киген киімінің қайырымдылық аукционында 7 миллионға сатылғаны белгілі. Алайда, сахналық костюмді сатып алған адам ертеңіне оны жас әншінің өзіне қайтып әкеліп берген. Бұл туралы «Тілшіге» Димаштың анасы Светлана Айтбаева мәлімдеді.

«Ол кісі аты-жөнін айтуды қаламады. Тек, 7 миллион теңгені банктің есепшотына аударғанын растайтын түбіртекті көрсетті. Сонымен бірге, сатып алған костюмін «мұны тек Димаштың өзі кию керек» деп тастап кетті», — дейді Светлана Айтбаева.

Осыған дейін ақпарат құралдары хабарлағандай, «Мен әншімін» байқауының алғашқы күнінде киген костюм қайырымдылық аукционында 158 890 юаньға (7,2 млн теңге) сатылған болатын.

Танымал жас әншінің киімі mpaimai.jd.com сайты арқылы аукционға қойылған еді. Саудаға 19 640 адам қатысты. Киімнің алғашқы бағасы 188 юань (8500 теңге) болды.

Костюмді сатудан түскен қаржы Қытайдағы балалар қорының есепшотына аударылды.

(Просмотры 2 , 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


 
Post ID 151703  

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

   

NewsTaraz