newstaraz.kz

 
 

Ди Каприо «Оскар» жүлдесін алған кезде не деді


photo_24421
  29.02.2016 NewsTaraz.kz.

Леонардо Ди Каприо көп күттірген «Оскар» мүсіншесін алды.

Ол жүлдені Алехандро Иньярритудің «Выживший» фильмі арқылы алып отыр. Ди Каприо өз сөзінде режиссерге алғыс айтты, сонымен қатар, өзге де кинематографистерді ұмытпады Мартин Скорсезе, Эммануэль Любецки және тағы да басқаларды атады. Сонымен бірге, актер сөзінде экология проблемасын да айтып өтті.

Tengrinews.kz Ди Каприоның сөзін толықтай келтіреді.

«Барлығыңызға рақмет. Академияға рақмет, осы бөлмедегі барлығыңызға алғыс айтамын. Мен биылғы номинанттарды құттықтағым келеді. «Выживший» фильмі — керемет актерлер мен түсірілім тобының маңдай термен тапқан өнімі. Бірінші кезекте осы істегі «бауырым» Том Харди мырзаға алғыс айтамын. Том, экрандағы дарыныңды өмірдегі достығың ғана басып кете алады.

(…) Алехандро Иньярриту мырза. Киноның даму тарихында сіз соңғы екі жылда өзіңіздің тыңнан жол салдыңыз. Сіздегі тасып жатқан қандай дарын! Эммануэль Любецки, барлығымызға трансцендент кинематографиялық тәжірибе бергеніңізге рақмет. Fox және Regency-ге рақмет. Ана Мелчинг, сіз осы істе чемпион болдыңыз.

Мансап жолымның басынан бері жанымда болғандарға алғыс айтамын: Кейтлин Джонс, ол мені бірінші фильміне таңдап алды, Скорсезе мырза, ол кинематографияның қыр-сырын үйретті, Рик Йорн мырза, киноиндустрияда өз жолымды табуға көмектескеніңізге рақмет. Ата-анама рақмет, сіздерсіз мұндай жетістікке жете алмайтын едім, барлық досыма рақмет.

Соңында айтарым, «Выживший» — адамның табиғатқа деген қарым-қатынасы жайлы фильм. 2015 жыл адамзат тарихында өте ыстық жыл болды, мұны барлығымыз да сездік. Біздің түсірілім тобымыз қар табу үшін ғаламшардың ең оңтүстігіндегі нүктесіне барды. Климаттың өзгеріп жатқаны шындық, бұл дәл қазір болып жатыр. Бұл адамзаттың алдында тұрған ең зор қауіп, біз бірге жұмыс істеуіміз керек. Қоршаған ортаны ластайтын компанияның атынан емес, адамзаттың, жер бетіндегі негізгі халықтардың, миллиардтаған адамдардың, балаларымыздың және саяси қызғаншақтықтың кесірінен үні өшірілген адамдардың атынан сөйлейтін лидерлерге әлем бойынша қолдау білдіруіміз керек. Мен бүгін осы ерекше сыйлық үшін алғыс айтамын. Бұл ғаламшарды өздігінен дамып жатыр деп қабылдамайық. Мен осы бір кешті болуы тиіс болғандықтан өтіп жатыр деп ойламаймын. Зор

 


 

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz