newstaraz.kz

 
 

Дэвид Кэмерон: Еуропа Одағынан шығу — қаратүнекке ұмтылу


pogudx9pmgms8m7ce.59aba6a9
  23.02.2016 NewsTaraz.kz.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон Еуропа Одағынан шығу «алдағы жылдары азаматтарға кері әсер етуі мүмкін» екенін ескертті деп хабарлайды Азаттық.

Парламенттің өкілдер палатасына жолдаған мәлімдемесінде Кэмерон Ұлыбританияның алдында я ЕО құрамында қалып «бұдан да зор Британия болу», я ЕО-дан шығып «қаратүнекке ұмтылу» таңдауы тұрғанын айтты.

Кэмерон 23 маусымға белгіленген референдум қарсаңында өзінің Ұлыбритания ЕО құрамында қалуы тиіс деген ұстанымына қолдау табудан үмітті. Өткен аптада Кэмерон ЕО басшыларымен Ұлыбританияны ЕО-дан шығармау үшін «Британияның Еуроодақтағы ерекше мәртебесін» күшейту туралы келісім жасасқан.

Министрлер кабинеті мүшелерінің көпшілігі оның ұстанымын қолдағанымен, алты министр референдумда елдің ЕО-дан шығуын қолдайтынын мәлімдеген. Парламенттің Консервативтік партиядан сайланған жүзден астам депутаты да Ұлыбританияның ЕО-дан шыққанын қолдайтынын білдірген.

Источник: Азаттық

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz