newstaraz.kz

 
 

Демалыс күндері ауа райы көктемдегідей жылы болады


pogudx2et7d3ff0sh.c1007940
  27.02.2016 NewsTaraz.kz.

Күнтізбелік қыс мерзімі аяқталмаса да көктемгі жылу оңтүстікте ғана емес.

Солтүстік облыстарында да нормадан 8-15º жоғары аномальды температуралық көрсеткіштерге жетуде деп хабарлайды kazhydromet.kz.

Демалыс күндері атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде жауын-шашын: жаңбыр, қарлы жаңбыр, қар, көктайғақ, 15-20 м/с жел күтіледі.

Температура әдеттегі осы кезеңге тән нормадан 4-8º жоғары деңгейде болады. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста күндізгі температура, тіпті 15…25º жылы, ашық жауын-шашынсыз.

27 ақпанда республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, тек республиканың солтүстік, солтүстік-батыс және орталығында фронтальді ауа бөліктердің өтуіне байланысты, кей жерлерде жауын жауады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді деп мәлімдеді ТЖК баспасөз қызметінен.

Алматы облысының кей жерлерінде жел күшейді, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 20-25, екпіні 30 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерде екпіні 23 м/с болады.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшейуі күтіледі.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшейуі күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшейуі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшейуі күтіледі, күндіз кей жерлерінде көктайғақ болады.

Түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 18 м/с күшейуі күтіледі.

Түнде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшейуі күтіледі.

Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

 


 

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz