newstaraz.kz

 
 

Бозымбаев алдағы баспасөз жиындарын қазақ тілінде өткізуге уәде берді


pogudxbo25cnum6eq.6f4252dc
  01.06.2016 NewsTaraz.kz.
Фото: Today.kz

Өткен аптада Қазақстанның жаңа тағайындалған Энергетика министрі журналистерге қазақ тілінде сұхбат беруден бас тартқанын хабарлаған болатынбыз. Бозымбаевтың өкілдері осыған қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Абай.кз порталы.

«Негізі бұл терминдердің қазақ тіліндегі аудармалары әлі тұрақты қолданысқа енбегендіктен, солай жасаған еді. Қазір министр мырза бұл терминдердің барлығының аудармасын жаттап жатыр. Ендігі сұхбаттарын түгелдей қазақ тілінде жасайтын болады. Алдымызда 6-маусым күні Астанада Қанат Алдабергенұлы халық алдында есеп береді. Сол жерде министр қазақ тілінде сұхбат беріп, баяндамасын мемлекеттік тілде жасайды», — дейді министрдің баспасөз хатшысы Асқар Жалдинов.

Алдыңғы баспасөз жиыны кезінде Бозымбаевтың тек орыс тілінде сөйлеуіне қатысты оның баспасөз хатшысы: Қанат Алдабергенұлы 24-мамыр күні Астанада өткен жаңартылатын энергия көздері бойынша саммитке қатысты. Саммитте арнайы баяндама жасаған соң, БАҚ өкілдерімен кездесті. Ол жерде әуелі министр мырза, журналистерден энергетика саласына қатысты терминдердің көптігіне байланысты ресми тілге жүгінуге тура келді. Ең әуелі Қанат Алдабергенұлы ол жердегі журналистерден рұқсат сұрады. Жағдайды түсіндірді. Сол жердегі журналистер өздері рұқсат берген соң ғана орыс тілінде сұхбат жасады ғой», — деп түсіндірді.

Еске сала кетсек, өткен аптада Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев журналистерге қазақ тілінде сұхбат беруден бас тартты деген ақпарат БАҚ-та қызу талқыланды. Абай.кз сайтының тілшілері Энергетика министрлігіне хабарласып, мәселенің анық-қанығын білмек болды. Қанат Алдабергенұлының қабылдау бөлмесіндегі хатшы қыз бір сұраққа бір аптадан соң жауап ала алатындарын айтты. Бір апта өткен соң тілшілер қайта хабарласып, министрден келесі жолы тек қазақша сөйлеймін деген уәдесін алды.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz