newstaraz.kz

 
 

Блогына келген хаттарды оқып шыққан Сапарбаев халықтың жағдайына қарайласуға уәде берді


pogudx273jpl9sa1f.0d48106d
  25.02.2016 NewsTaraz.kz.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сұрақтар  тек микрофон алдында ғана қойылмады.

Әкімнің блогына жүз сауал және хат жүзінде отыздан астам сұрақ келген екен деп хабарлайды 31 арна.

Көпшілікті мазалайтын басты мәселе облыс аудандарының қатынас тас жолына күрделі жөңдеу жүргізу болды. Әкім бұл мәселенің алдағы уақытта кезеңмен шешілетіндігін айтты. Қала маңындағы және шалғайдағы елдімекендерге ауыз су мен газ тарту мәселесі де көп қозғалды. Тағы да тұрғындарды көп мазалайтын дүние — мемлекеттен жер алу.

Негізінен Ақтөбеде 147 мыңнан астам адам жер кезегінде тұр екен. Әкім жерге есепке алуда тәртіптің жоқтығын, бір адам бірнеше қайтара кезекте тұрғандығын айтты. Жылдар бойы қордаланған кезекке тексеру жүргізіп, шешуге тапсырма берді. Облыста тоғыз миллион гектар жер бар. Тек соның елу пайызы ғана қазір қолданыста екені де айтылды.

Қала іргесіндегі Махамбет деген өндірістік аумақ халқы, бұрынғы әкімдер ол жерден 170 үйді көшіріп, орнына үй береміз деп уәде еткендігін, алайда төрт — бес жыл өтсе де, хабардың жоқ екенін айтты.

«Жағдайларыңызды барып көреміз. Үй салуды да жаңа айттым. Жер бөлуде де мәселе болмайды. Ал енді үй алу заңға сәйкес болу керек. Біз заңсыз ешкімге үй бере алмаймыз», — деді Бердібек Сапарбаев

 


 

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz