newstaraz.kz

 
 

Бердібек Сапарбаев ауыр дертке шалдыққан сәбилер үшін қан тапсырды (фото)


pogudx3t5ps4qd1jhg.405b87f6
  01.06.2016 NewsTaraz.kz.

Бердібек Сапарбаев ауыр сырқатқа шалдыққа балалар үшін қан тапсырды. Дәрігерлер әкімдік қызметкерлерінде  сирек кездесетін қан топтарының көп болғанын айтады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Дәрігерлердің алдына «Маған шай бересіңдер ме?» деп әзілдеп келген Ақтөбе облысының әкімі 450 грамм қан тапсырды. Игі шараға қолдау білдірген Бердібек Сапарбаев барлық әкімдік қызметкерлерінің қан тапсыруын міндеттеді.

Бүгін ақтөбелік шенділерден жүз литрге жуық қан алынады. Қан тапсыру процесі әкімдік ғимаратының ішінде өтті. Балаларды қорғау күні қарсаңында лейкозбен ауыратын және басқа да ауыр дертке шалдыққан балаларға қан тапсыруға арналған шараға әкімдік қызметкерлерінің бәрі қолдау білдірген.

«Бұл үлкен бастама. Денсаулық сақтау саласында қанға мұқтаж жандар үшін үлкен көмек болады. Бүгінгі шара арқылы қан қорын жүз литрге көбейтіп отырмыз. Бүгін тек қан алып қана қоймай, тұрақты донорларды тіркеп жатырмыз», — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Игі шараға бұрын-соңды қан тапсырып көрмеген қызметкерлер де келді.

Облыс әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов «Алғаш рет қан тапсырғалы тұрмын» деп дәрігердің жанына келгенімен,  донор бола алмады. Гемоглобині 109-ды көрсеткен орынбасарды «қаныңыз аз» деп қайтарды.

Облыс әкімінің тағы бір орынбасары Ғани Есқалиев өзінің осыған дейін тек студент кезде ғана қан тапсырғанын айтты. Қан тапсырғаны үшін шоколад жейтінін естіп, шенді балаша қуанды. Қаны І топқа жатқан шендінің гемоглобині 135-ті көрсетіп, донор болуға мүмкіндік алды.

Дәрігергер әкімдік қызметкерлерінің арасында сирек кездесетін қан топтарының көп болғанын айтты.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz