newstaraz.kz

 
 

Белгілі тележүргізуші экрандағы «жұлқынған образына» түсініктеме берді


pogudx3ul8tac7j13.fabbd4d0
  03.06.2016 NewsTaraz.kz.
Фото: radiotochka.kz

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген елдің көкейінде жүрген кейбір сауалдарға «Жұлдыздар құпиясы» басылымына берген сұхбатында жауап берді.

Жүргізуші экранда өзінің жұлқынып тұрғандай көрінуінің себебін тік мінезділігімен байланыстырады.

«Шынымды айтсам, экрандағы Дина мен өмірдегі Динаның образында аса бір айырмашылық жоқ. Иә, мен тік мінездімін. Қай жерде де, өз ой-пікірімді ашық айтуға тырысамын. Белгілі бір мақсатқа жетемін десем, онда дөрекі әрі суықпын. Ал, бүгін нәзіктікті аңғарып отырсаңыз, онда ол ана атанғаннан кейін аздап жұмсарған шығармын бәлкім. Шынымды айтсам, ана болу арқылы мейірім дегеннің не екенін сезіне бастағандаймын. Айналамдағыларға мейірімділікпен қарауымның сыры осында жатқан шығар», — дейді ол.

Жүргізуші «Қазақтың менталитетіне сай келмейтін дүниелерді көрсетеді» деп жиі сынайтындарға да өз жауабын берді.

«Бұл бір қарағанда орынды көрінуі мүмкін. Екінші жағынан, қанша жерден мойындағымыз келмесе де, кейбір анайылықты да, дөрекілікті де жасап жатқан өзіміздің қаракөз қазақтар. Мен осының бәрін көре тұра, «мұндай нәрсе бізде жоқ» деп қалай ғана қол қусырып қарап отырамын? Жалпы айтқанда, журналист деген ит сияқты. Қоғамдағы орын алған кез-келген келеңсіз құбылысты көргенде, «үріп» одан хабар беруі керек. Яғни, жағдайдың түзелуіне ықпал ету – біздің негізгі міндетіміз», — дейді Дина Төлепберген.

Сонымен қатар журналист қызмет бабымен сотқа сүйрегендер де табылағынын айтады.

«Мен, Қазақтандағы ең көп соттасатын журналистердің бірімін (күліп). Кейде екі апта сайын сот залына баруға тура келетін. Бірақ, ешбірінде жеңіліп көрген емеспін. Өйткені мен ешқандай заңбұзушылық әрекеттерге барған жоқпын. Бұл тұрғыда әріптестеріме Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды бес саусақтай білудің аса маңызды екендігін баса айтқым келеді», — дейді ол.

Журналист бұндай жағдайда жолдасы қызметіне тек түсіністікпен қарайтынын атап өтті.

«Егер де жолдасым маған: «Жұмысыңды таста, үйде отыр» деген талап қойса, мен оған қарсы келмес едім. Бірақ мен ондай жанды өмірлік серігім ретінде таңдамас та едім. Әрине, жолдасым менің жұмысыма түсіністік танытады. Өйткені, ол менің кәсібімнің жүгі жеңіл емес екендігін алдын ала білді. Шыны керек, бала күтіміне байланысты бір жылдан аса уақыт үйде отырдым. Сонда жолдасым: «Дина, жұмысыңа барғаның дұрыс» деп өзі рұқсатын берді. Сөйтсем, оның айтуынша мен жұмыс істеп жүргенде, үйге өте көңілді оралады екенмін. Өмірімде осындай жанымды түсінетін ер азаматтың кездескені үшін де өзімді бақыттымын деп есептеймін», — дейді жүргізуші.

Сондай-ақ журналист ел алдында әдемі, жарқырап жүрудің де құпиясын ашты.

«Меніңше ең бастысы – адам сұлу көрінуі үшін оның жан дүниесі сұлу болуы керек. Затымыз әйел емес пе?! Үйде де, жұмыста да әдемі қалпымда жүруге тырысамын. Бұл тұрғыда, ең бірінші дұрыс тынығамын. Бет күтіміне арнайы көңіл бөлу – менің күнделікті дағдыма айналған нәрсе», — деп сөзін түйді Дина Төлепберген.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz