newstaraz.kz

 
 

Белгілі блогер Тәуелсіздік мерекесінде әрбір азаматқа 25 мың теңгеден жәрдемақы беруді ұсынды


pogudx3fsjotgfh48g.d8471f88
  10.10.2016 NewsTaraz.kz.
Көрнекі фото: sn.kz

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өтетін той-думанға миллиондап қаржы шашпай, халыққа пайдалы іс тындыру қажет. Шымкенттік заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа осындай ұсынысын айтты деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

Оның сөзінше, той-думанға жұмсалатын қаражатқа жағдайы төмен отбасыларды жыл бойы асырауға болады. Сондықтан, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ақшаны желге шашпай, Қазақстандағы әрбір азаматқа 25 мың теңгеден бір реттік жәрдемақы (немесе сыйақы) берген абзал деп жазды блогер өзінің Facebook-парақшасында.

«Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай үлкен қалаларда көптеген жиындар, кештер, тойлар өтіп жатыр. Миллиондаған қаражатқа алынған отшашулар қаншама отбасының бір жылдық тамағы. Кеше біраз ауылдарды аралап, біраз отбасының тәуелсіздігімізді тойлау түгілі, бала шағасына нан тауып бере алмай отырған жағдайларын көрдім.

Менің сізге ұсынысым бар: 17-ақ миллион халқыңыз бар. Əрбір Қазақстан азаматының есеп шотына тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай 25 мың теңгеден аударсаңыз дұрыс болар еді. Ауыл халқы өз отбасымен тәттісін алып тойлап, еліміздің тәуелсіздігін сезінер еді. Бір жағынан, жылдар бойы шығара алмай жүрген халық саны жайлы статистиканы дұрыстап алар едік. Менің ұсынысымды қабыл аласыз деген үміттемін. Еліміздің тəуелсіздігі берік болсын», — дейді Айгүл Орынбек.

Айта кетейік, биыл ел Тәуелсіздігін атап өту үшін республикалық бюджеттен 407 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы 6 қазан күні Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, мерекеге орай өтетін іс-шаралар 1 желтоқсаннан басталып, 15 желтоқсанға дейін жалғасады. Республика бойынша барлығы 8 мыңдай іс-шара өтеді деп жоспарлануда.

(просмотры 20 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz