newstaraz.kz

 
 

Бай бойжеткенді күзеткен алматылық оққағар ел білмейтін құпияны ашты


  13.05.2017 NewsTaraz.kz.

Көрнекі фото: fishki.net

«Аузы күйген үрлеп ішеді» демекші алматылық спортшы жігіт оққағар болуға кеткен жарты жылын нағыз тозаққа балады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Қазір жеке фирмада көлік жүргізушісі болып жұмыс істейтін жігіт айына 500 мың теңге төлейтін жұмыстан не себепті бас тартқанын баяндап берді.

“Қазір спорттық білімі бар, алпамсадай жігіттердің көпшілігі оққағар болып жүр. Бұл өте қауіпті жұмыс. Неге десеңіз оққағарлыққа жалданып, жұмысқа кіргенде қожайынмен өмір мен өлім туралы келісім шартқа қол қоясың. Яғни, жұмыс бабында жүргенде оқ атылады, шабуыл жасалады. Осы оқиға кезінде жараланып немесе өліп кетсең де құнымды ешкім сұрамайды, жұмыстың қауіпті екенін біле тұра өз еркіммен келдім”, – деп жазып беруің керек дейді Рамиль.

2011 жылы алматылық бизнесменге төртінші оққағар болып жұмысқа кірген жігітті келбеттілігіне қарап кәсіпкердің қызы өзінің жеке күзетшісі етіп алған.

«Басында бәрі жақсы болды. Күндіз бойжеткенде ұйықтайды. Мен де бөлмемде жатып демаламын. Жұмыс түнде басталады. Байдың қызы боянып түнгі клубқа шығады. Мен бірге ілесіп жүрем. Бастықтар «қыздан үш метрден алыс кетпеу керек» деп тапсырма береді. Ал бойжеткен вискиға тойып алып, мені қуалайды. Себебі, оққағар жақын тұрса, оған жігіттер жақындай алмайды. Яғни, клубта оған ешкім қарамай қояды. Осыған ызаланып мені балағаттайды. Өстіп күніміз өте берді. Уақыт өте келе, оның балағат сөзіне да етім үйренді.

Бір күні Қапшағайдан казинодан шығып Алматыға қарай келе жатқанбыз. Далада жаңбыр құйып тұр. Бір кезде соңымызға үш көлік түсіп қуды. Жол талғамайтын джиппен келеміз. Бір уақытта әлгі машиналар бізді қуып жетіп, терезеден оқ жаудырды. Маған «тоқтамасаң өлтірем» деп қолымен ишара жасап көрсетіп жатыр. Артқы орындықта отырған қыз шыңғырып «тоқтама, бас газды бас» деп айқайлайды.

Шыны керек не істеп не қойғанымды білмей қалдым. Ана көліктер біздің қуып жетіп, біреуі алдымызға шығып, екіншісі – жанынан, үшіншісі арт жағымыздан қуалап бізді қыса бастады. Жанымызда келе жатқан жігіттер терезені ашып, тапаншамен мені көздеп ата бастады. Осы жерде өлдім-ау деп ойладым. Сөйтсем, көлік толықтай оқ өтпейтіндей етіп брондалған екен. Әйтсе де әрбір оқ терезге тигенде тарсылдап есіңді шығарады.

Бір секунд тоқтасам өлетінімді бірден түсініп газды барынша басып көліктерді жайпап әрең шықтық. Әлгі қуғыншылар 15 шақырым соңымыздан еріп барып, тоқтап қалды. Осы жайттан кейін бір ай бойы ұйықтай алмадым. Күнде түсімде маңдайыма қадалған оқ көріп, шошып ояна беретін болдым. «Бүйтіп жеген наным құрсын» деп келісім шартты бұзып жұмыстан шығып кеттім. Уақытынан ерте жұмысты тастағаным үшін маған қожайын көк тиын да төлемеді. Тіпті, қызын ешкімге бермей алып шыққаныма да алғыс айтпады», – дейді ол.

Кезінде 200 оққағарға жұмыс берген белгілі күзет компаниясының директоры (атын атамауды өтінді) мұндай жағдайдың болатынын растап отыр.

«Енді ешкім тыныш өміріне бола оққағар жалдамайды. Оққағарлардың бәрі біледі қандай жұмыс күтіп тұрғанын. Мұндай жайттар 2010 жылға дейін өте көп болған. Рэкет, бандит дейміз солардан қорыққан бизнесмендер төрт-бес күзетші жігіт жалдап қасында саусылдатып ертіп жүрді. 2011 жылы травматикалық қарудан басқаға тыйым салынғаннан кейін байлар күзет фирмаларынан оққағар алуды доғарды. Себебі, бұрын біз қолында қару бар оққағар беретінбіз. Жаңа заңнан соң қарусыз күзетке сұраныс түсіп кетті», – дейді ол.

Бизнесмендер оққағарды «қойша» таңдайды

“Қазір жеке күзетпен айналысатын елімізде екі-үш қана мекеме қалған. Бізде қазір төрт оққағар бар. Бұрынғыдай емес оларға талап өте күшті. Жеке күзеттің қыр-сырын меңгерді деген курстық дипломы болуы керек, қарумен ату, спорттық білімі мен жетістігі бар, толық тексеруден өткен, жасы 30-35 аралығындағы жігіттер ғана алынады. Олардың өзін бизнесмендер қой таңдағандай таңдайды.

«Бойы -180 см, қара торы, түсі суық болмасын, боксшы болсын, ұлты мынандай болсын» деп тұрып талап қояды. Ұнаған жігеттердің өзі бірден оққағар болып кетпейді. Кемі екі-үш ай тәжірибеден өтіп, өзін жан-жақты көрсетуі керек. Сосын ғана барып байдың сеніміне кірсе жұмысқа тұрады”, – деп түйіндеді белгілі күзет компаниясының директоры.

(Просмотры 19 , 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


 
Post ID 151205  

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

   

NewsTaraz