newstaraz.kz

 
 

БҚО тұрғыны салмағы 70 келі тартатын жайын аулады (фото)


pogudx6u7k4ljif73.018ae445
  23.06.2016 NewsTaraz.kz.

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Асылұлан Жайынов салмағы 70 келі тартатын жайын ұстады деп хабарлайды egemen.kz.

Былтыр Казталов ауданындағы Қайыңды ауылының тұрғыны Асылұлан Жайынов Қараөзен айдынынан салмағы 45 кило, ұзындығы 2 метр болатын нән жайын ұстап алғаны хабарланған. Әрине, ол браконьер емес. Жұмыстан қолы босаған кезде ауыл іргесіндегі өзенге келіп қармақ салу оның тек құр ермегі ғана.

Балық түрлерінің арасында ең қомағайының бірі – осы жайын десе де болады. Мәселен құстың ішінде үйрек аузына не түскенін талғамай жұта беретін болса, жайын да солай өзіне ілінген судағы тіршілік ететін жәндіктің қай-қайсысын да таңдамастан қылғыта беретінге ұқсайды.

Бұл ретте Асылұлан жайын ұстау үшін қармағына құрбақа ілуді әдетке айналдырыпты. Өткен жылы ұстаған жайыны соған іліксе, бұл жолы да дәл солай болыпты. Үлкен құрбақаны қапқан аңғал жайын қармаққа қалай ілінгенін аңғармай қалыпты. Әйтеуір, осы жолы Асылұлан Жайынов қасындағы серігімен екеулеп жүріп балықты жағаға сүйреп алып шығыпты.

Оның биыл ұстаған соңғы жайынының салмағы 70 келі тартты. Ал ұзындығы 2 метр, 20 сантиметрден асқан екен. Бұл былтырғы ұсталған жайынның салмағынан 25 келіге артық, 20 сантиметрге ұзын. Бүгінде Жайыновтың жайын ұстаудағы «іс-тәжірибесі» қармақ салғанды ермек ететін өңірдегі өзге әуесқойлардың да назарын аударып, олардың қатты қызығушылығын туғызып отыр.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz