newstaraz.kz

 
 

Қазақ журналистері Путиннің бастамасына қарсы шықты


pogudx14emu49u8lgg.b169b70b
  02.06.2016 NewsTaraz.kz.

Астанада өткен Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының бас қосуында Ресей  президенті Владимир Путин одақтың ортақ ақпараттық кеңістігін құруды ұсынды. Одақ жұмысын, оның болашақтағы жоспарларын сөз ете келе Путин одақ комиссиясының ортақ ақпараттық кеңістік жөнінде де ұсыныс әзірлегенін жөн көретінін айтты.

Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды.

«Ортақ ақпараттық кеңістік құру идеясының болашағы зор. Комиссияға осы бағытта ұсыныс дайындауды тапсырсақ қалай болады?», —  деді  Путин.

«Ресейлік ақпарат құралдары Қазақстан ғана емес, басқа да одақ елдерінде еркін тарайды. Еліміздің бірқатар басылымдары мен телеарнасы Кремльді құбыла етіп алғаны жасырын емес. Жел соқса да Америка мен Еуропаны кінәлайтын ресейлік үрдіс бүгінде біздің де ақпараттық кеңістікте кеңінен белең алуда», — деп жазады портал.

Осы орайда отандық журналистер өз пікірін білдірді.

Қуандық Шамахайұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық журналист:

— Егер біріккен ақпараттық кеңістік құрылып, Путиннің ұсынысы жүзеге асса, елдегі барлық БАҚ қазір өзіміз көріп жүрген «Еуразия» ТВ-ға айналады. Өтірік «постановка», сенсация қуушылық белең алады. Бәріміз отырып алып, таңнан кешке дейін АҚШ-ты жерден алып, жерге саламыз. Есесіне Ресейді, Путинді өлердей мақтаймыз. Советтік үгіт-насихат жаңаша бет алып, «қырғи-қабақ соғыстың» сорақы түрі пайда болады. Сонда тәуелсіздік, демократия деген ұғымдар қайда қалады?

Егер біз шын тəуелсіз ел болсақ, Путин айтты екен деп ондай кеңістік құруға болмайды. Онсыз да ресейлік ақпарат экспансиясынан арыла алмай отырғанымызда енді ортақ кеңістік құрылса шаруамыз бітті дей беру керек шығар. Баспасөз ісіне көрші ел тұрмақ өз өкіметіңнің араласуы сөз бостандығына, шығармашылық еркіндікке нұқсан келтіреді. Конституциямызда цензураға тиым салынғаны, сөз бостандығына кепілдік берілгені жазылған. Сондықтан, Путиннің  өзге елдің ішкі ісіне араласпағаны абзал.

Нәзия Жоямергенқызы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті:

— Путин мен Кремльдің нені көксейтіні белгілі: келмеске кеткен КСРО-ны «көрінен» тірілтіп алуды көздейді. Анығы, кеңестік империя кезіндегі орыстардың ықпалын күшейту арқылы посткеңестік елдерге, оның ішінде, табиғи ресурстарға бай әрі топырақ ауқымы кең Қазақстан сияқты орталықазиялық елдерге үстемдігін жүргізуді қалайды. Ақпараттық кеңістік дегеніміз – территориялық тұтастық, ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік идеология. Тәуелсіздік алғалы ширек ғасырға жуықтаса да, әлі күнге халықаралық ақпараттар ағынын Ресей арқылы аламыз.

Әлбетте, әлемдік деңгейде хабар тарататын бұқаралық ақпарат құралдарының орысша қызметін жоққа шығармаймыз. Бірақ олар жеткіліксіз әрі орталықтардан шалғай жатқан жерлерге таралмайды. Әсіресе, еліміздің орталық, батыс және солтүстік аймақтарында ресейлік БАҚ-тың ықпалы күшті. Соңғы жылдары «ұзынқұлақ» арқылы Кремльдің саясатын жарнамалайтын журналистер мен блогерлердің көбейгенін естіп жүрміз.

«Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамасы» анық. Бұл ақпараттың анық-қанығына құзырлы органдар көз жеткізуі тиіс. Осы орайда, Балтық жағалауы елдеріндегі мемлекеттік саясаттарына қайшы келетін ресейлік телеарналарды жабуды қолға алғанын айту керек. Бұл мәселе Қазақстанда да көтеріліп жүр. Бірақ әзірге нәтижесіз. Кешегі Путиннің ортақ ақпараттық кеңістік құруға қатысты құлшынысынан кейін Кремльдің сойылын соғатын лоббистердің көбейетіні анық. Бірақ біздің құзырлы орган өкілдері Қазақстанның мемлекеттік саясаты мен мүддесіне сай шешім қабылдауға міндетті.

Меніңше, ЕурАзЕҚ шеңберінде емес, түбі бір түркіге ортақ елдер арасында ақпараттық кеңістік орнатуды қолға алуымыз керек. Осы орайда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев былтыр түркі мемлекеттеріне ортақ телеарна құру туралы бастама көтеріп, қазір ұйымдастыру жұмыстары қарқынды жүруде. Сондай-ақ, түркі елдерінде жиі ұйымдастырылатын журналистердің түрлі шараларында да түркілік ортақ ақпарат кеңістігін қалыптастыру туралы мәселе күн тәртібіне жиі шығады. Өкініштісі, сөз көп, іс жоқ…

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz