newstaraz.kz

 
 

Қазақ жеріне Қытайдың бірнеше ірі компаниялары келіп жатыр


pogudxhg9p53nesfs.1266e86b
  26.05.2016 NewsTaraz.kz.
Көрнекі сурет. Фото: voxpopuli.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қытайдың бірқатар трансұлттық компанияларымен ынтымақтастық туралы құны бірнеше миллиондық келісімдеріне қол қойды, деп хабарлайды Bnews.kz.

Қытайдың CITIC, COFCO, Rifa Holding Group, AIJIU секілді танымал компаниялары осы келісімдердің негізінде енді ауыл шаруашылығы нарығына да енуді көздейді.

АШМ қытайлық серіктестер алдағы уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін экпортқа шығару үшін ет, майлы және астық дақылдарын, қызанақты қайта өңдеу, сондай-ақ бордақылау алаңдарын құру жөнінде бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделі.

Мәселен, Rifa Holding Group компаниясы Шығыс Қазақстан облысында жылдық қуаттылығы 17 мың тонна қой еті мен сиыр етін әзірлейтін ет комбинатын салу және 50 мың бас ұсақ мал мен 1 мың бас қара малға шақталған бордақылау алаңдарын құруға инвестиция құятын болады. Жобаның құны 7,9 млрд теңгеге бағаланады.

CITIC инвестициялық корпорациясы мал шаруашылығы секторына келеді. Қытайлық фирма бордақылау алаңдарын және бройлерлік құс фабрикасын құру жобаларын жүзеге асыру жөнінде «Бәйтерек» холдингімен келісімге қол қойды.

AIJIU өнеркәсіп тобы Total Impex бірлесе отырып СҚО-да майлы және астық дақылдарын терең өңдеу жөнінде сомасы 58 млн доллар тұратын жобаны іске асыратын болады. Зауыт жылына 80 мың тонна өсімдік майы, 200 мың тонна ұн және 200 мың тонна жемазық шығарады.

Еліміздегі қызанақ өндірісі және оны өңдеу COFCO компаниясы үшін басым бағыт болып отыр. Аталмыш компания Евразия Агрохолдингпен бірлесіп, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында қызанақ өсіру және қызанақ пастасын өндіру кластерін құруға инвестиция құймақшы. «Қызанақ» жобаларының құны 80 млн доллардан асады. Өндірістік қуаттылығы жылына 120 мың тонна.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР сапары аясында 24 млрд доллардың 50-ден астам келісіміне қол қойылған болатын.



(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz