newstaraz.kz

 
 

Қазақ қызымен отау құрған нигериялық жігіт қазақ тілін қалай меңгеріп алғанын айтты (видео)


pogudx7bgf8k34cjt.c66b8950
  20.07.2016 NewsTaraz.kz.
Фото: comode.kz

Даниэль Джеймстің Қазақстанда тұрып жатқанына 5 жыл болған. Ол Нигериядан келген.  Өзінің айтуынша, қазақ тілін үйренуіне махаббат әсер еткен деп хабарлайды baq.kz.

Ол осы уақыт аралығында қазақ тілін еркін меңгеріп қана қоймай, қазақтың халық әндерін орындауды да үйреніп алған.

«Бүгінгі күні Қазақстан азаматымын. Осы жақта мектепте оқыдым. Сосын ҰБТ тапсырдым. Кейіннен Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясына оқуға түстім. Қазақ тілін үйренуіме махаббат көмектесті. Өйткені, қазақ қызына ғашық болып қалдым. Басында ағылшын тілінде танысқанымда ол маған қазақ тілінде жауап берді. Алғашқыда сол қызбен әңгімелесу үшін қазақ тілін үйренуге тура келді», – дейді Даниэль Джеймс.

Ол басында кішкене оқулық сатып алғанын айтады. Сосын көшеге шығып, адамдармен әңгімелесуді бастаған. Екі айдың ішінде септіктер, құрмалас сөйлем сияқты қазақ тілін заңдылықтарын меңгеріп алған.

Даниэль Алматыдағы африкалық қоғамның президенті. Оның анасы — орыс, ал әкесі – нигериялық екен. Өзі кәсібі музыкант. Фортепиано мен домбырада еркін ойнайды. Қазақ қызына үйленген. Жарының есімі – Айдана. Екеуі Адель есімді бір ұлды тәрбиелеп отыр. Екеуі ең алғаш Алматыдағы Арбатта танысқан. Басында Айдананың ата-аналары бұл некеге қарсылық білдіріпті. Дегенмен Даниэль сүйіктісі үшін қазақ тілін үйреніп, Айдананың ата-анасының келісімін алған.

Айта кетсек, Даниэль көктемде Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында қазақ тілінде ән шырқап берді.

(просмотры 4 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz