newstaraz.kz

 
 

Қазақстанның жүк көліктері Ресей шекарасынан өте алмай қаңтарылып тұр


pogudx426pk55b0qo.0d79feac
  22.04.2016 NewsTaraz.kz.

Украинадан Қазақстанға жүк таситын ондаған көлік Ресей шекарасында бөгеліп тұр.

Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасына сілтеме жасап Азаттық хабарлайды.

Палатаның ресми сайтында хабарланғандай, жүк көліктерінің Ресей шекарасынан бері жіберілмей тұрғанына Ресей билігі енгізген жүктерді қосымша бақылау шараларын енгізуі себеп.

Жүк көліктері Беларусь-Ресей шекарасында «Красная горка» өткізу бекетінде жиналып қалған. Жүк тасымалдаушылардың мәліметінше, көліктердің біразына ГЛОНАСС жүйесіне сай пломба салынғанымен, кеден күзетінің бірге жүруін күтіп тұр.

«Атамекен» палатасының мәліметінше, Ресей үкіметінің қаулысына сай 16 сәуірден бастап Украинадан Қазақстанға транзит арқылы жүк таситын барлық көлік құралында (теміржол мен авто көлік) ГЛОНАСС жүйесі негізіндегі пломба қойылуы тиіс. Пломба Ресей территориясына кірерде салынып, шығарда шешіледі. Бұған қоса Ресей территориясынан өтетін жүк көліктері кеден күзетімен жүруі тиіс.

Палата ГЛОНАСС есептеуіші бар пломбаны орнату ережесі «соңына дейін тексерілмегенін» және ол беларусь-ресей территориясында транзиттік көліктердің жиналып қалуына әкеп соқтыратынын айтады.

«Атамекен» бұған қоса Рсеей бақылаушы органдарының Қазақстанға жүк тасымалдаушыларға қоятын талаптары көп екенін айтады. Талаптардың арасында жүк көлігін Еуразия экономикалық одағының сыртқы шекарасында толық тексеру, Ресей кеден органдарының күзетімен жүру, Ресейден шыға беріс шекарада да көлікті қайталап толық тексеру және басқалары бар.



(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz