newstaraz.kz

 
 

Қай елдерде қыздар сүндеттеледі?


2016-09-09_13-09-50
  09.09.2016 NewsTaraz.kz.

Қыздарды сүндеттеу – жыл сайын әлемнің 30 елінің 84 миллион әйелі зардап шегетін дәстүрлі ритуал. Ең көп Африкада таралған, Азия мен Латын Америкасында да жиі кездеседі деп хабарлайды Қамшы порталы.

pogudx3fe55j0irubg.1ac6ff9f

Фото: qamshy.kz

Бұл елдің эмигранттары басқа елге барса да бұл дәстүрден айныған емес. Соңғы 10 жылда мұндай оқиға Бpитания, Фpанция, Геpмания және АҚШ пен Финляндияны қосқанда дамыған бес елде тіркелген.

Фото: qamshy.kz

Британияда әйелдер сүндетіне ресми түрде 1985-ші жылы тыйым салынды. Бірақ, ірі қалалардағы афроазиялық қоғам әлі күнге дейін қыздарын құрбан қылуды жалғастыруда. Дәл қазіргі таңда мұндай қауіп 10 000 қызға төніп тұрса, жаңа эмигранттар келуімен олардың саны күн санап өсуде. Дегенмен, нақты санын ешкім дөп басып айта алмайды, себебі ота құпия түрде немесе елден шет жердерде жасалады.

Фото: qamshy.kz

Түркияда — бұл дәстүрге түрлі түсінік беруге болады, бірақ басты себеп — қыздың «пәктігі» мен «тазалығын» сақтап, сексуалды белсендігін жою. Оның үстіне, сүндеттеуді қолдайтындар әйел қынабы бала босанғаннан кейін де созылмай, ерлер үшін ләззаттың көп болуына әсер етеді деп санайды. Екінші бір себеп- діни наным-сенім. «Ата-анамыз бізге Құдайға жағу үшін дінде жазылғанның бәрін орындау керек», — деп үйреткен дейді сомалилық қыз.

pogudx2mlvrmbc5fjg.f96f2cb9
Фото: qamshy.kz

Соңғы кездері көптеген мұсылман қыздар Құранда Інжілдегідей әйелдер сүндеті жайлы ештеңе жазылмағанын біліп, таңданып жүр. Осыған қарамастан миллиондаған әйелдер өздерін, қыздарын бұл азапқа ерікті түрде апаруда. Олар ата-баба дәстүрі деп хроникалық асқынған ауру, инфекция, ет өсу, абсцесстер, етеккір қанының ішекке кетіп қалуы, жынысты салқынқандылық пен ешқандай ләззат сезінбеу, күйзеліс сынды ауруларға ұшырауда. Сүндеттеудің ең көп тараған түрі (клитордектомия), яғни клиторды алып тастау. Мұндай аяусыз және аса ауыр рәсім Африка континентінің көптеген бөлігінде әлі күнге дейін бар.  Африкада мұны әйелдің «тазаруы» деп санайды. Кей аймақтарда ер адамға «сүндеттелмеген әйелдің баласы» деп айту өліммен тең».

Фото: qamshy.kz

Қасиетті құранда клиторды алып тастау жайында ештеңе жазылмаған. Ислам ғалымдары мұны ескіліктің қалдығы деп санайды.

Мысырда әлі күнге дейін 7-8 жастағы қыздарға бұл процедура жасалынады. Жақында ғана жасалған зерттеу бойынша, оқымаған, көзі ашық емес 97% отбасының 66% осы дәстүрді практикада қолданып жүр. «Шекарасыз дәрігерлер» мәліметінше 200 судан жезөкшесінің 170-і «сүндеттелген» болып шыққан.

Фото: qamshy.kz

«Сүндеттеу өміріңде үлкен жара қалдырады», — дейді 24-жастағы Шари.

Ол Англияға келіп, ағылшын жігітіне шыққан кезде небәрі 17 жаста болған. Некелері осының кесірінен бұзылған.

«Мен 14 жасымда клитордектромияның құрбаны болдым. Үйленген барлық уақытымда ешқандай төсек ләззатын сезіне алмадым. Күйеуім сүндеттелгенімді білмес үшін бәрін де жасанды жасайтынмын. Біздің масаи тайпасында өте кеш сүндетке отырғызады. Мен той алдында акушер кәрі әйелге өзім келдім. Ол қарапайым пышақпен, ешқандай анестезиясыз жасады. Қатты ауыр болғанымен, масаи тайпасындағылардың жылауына болмайды», — дейді бойжеткен.

Жыл сайын әлемде адами құқығы тапталатын әйелдердің саны қарқынды өсуде. Ең кең таралғаны тұрмыстық зорлық -зомбылық пен мәжбүрлі түрде сүндетке отырғуы болып отыр.

(просмотры 2 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz