newstaraz.kz

 
 

Атыраулық имамдар Алладан елді әбігерге салған нөсерді тоқтатуды сұрап, дұға оқыды (фото, видео)


pogudx3ucqebnr6jm.d6f4f5b4
  18.05.2016 NewsTaraz.kz.
Фото: BNews.kz

Бірнеше күннен бері толассыз жауған жауын салдарынан Атырауда бірнеше үй мен әлеуметтік маңызды нысандар суға кетіп жатыр. Осыны ескерген атыраулық имамдар толассыз жауған нөсерді тоқтату үшін дұға оқыды, деп хабарлайды BNews.kz.

Шариғатта құрғақшылық басқан кезде жауын сұрау дұғасы, намазы бар. Алайда, жаңбыр молайып, адамдарды әбіржіткенде оған қатысты да дұға бар.

«Пайғамбарымыз жауын тоқтамай жауған кезде «О, Жаратқан! Алла Тағалам жаңбырды біздің үстімізге емес, маңайымызға, айналамызға жаудыра гөр. Бұл жаңбырды тау-тасқа, қыр-адырларға, сай-салаға және егін өсетін ашық далаға жаудыра» гөр деп дұға оқыған. Біздер мешіт жамағаттары болып бірге дұға тілеп жатырмыз. Ал, егер осы дұғаны әр адам үйінде өз отбасында оқып жаратқаннан тілек тілесе, жақсы болады», — дейді «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров.

Бұршақ аралас нөсер кезінде Атырауға 24,5 мм жауын-шашын түскен, бұл 23 мм құрайтын айлық нормадан көп деп хабарлады Ақжайық басылымы.

1-16 мамыр аралығында жауған жауын-шашындар айлық нормадан үш есе көп. Айдың екінші жартысы да, Қазгидрометтің болжамына сәйкес, жаңбырлы болмақ.

Қаладағы он мектеп түгелдей жазғы лагер орынжайлары етіп әзірленді. Тамақтандыру мәселесі шешілді, қажет болған жағдайда, қауіпсіз жерлерге көшірілген тұрғындарға панажай ұсына алады.

Фото: Ақжайық

Алайда үй қожайындары баспаналарын тастап кеткісі келмейді және биліктен тек бір нәрсені – тезірек суды тартып шығарса деп өтінеді. Атырау қаласында осы проблема қозғалмаған бірде бір аудан қалмады. Әсіресе, Сарықамыс тұрғындарына, Куйбышев пен Гагарин көшелерінің тұрғындарына ауыр тиіп отыр. №№ 1, 5, 11 және т.б. мектептер суға кетті. Аулалардағы суларды түні бойын тартып шығарды, алайда жағдай жақсармай тұр.

Қалалық әкімдік шұғыл мәліметтері бар ресми ақпаратты сәл кейінірек ұсынуға уәде беріп отыр.

Сағат 16.30-да сейсенбіде қалалық әкімдікке суға кеткен үйлерден зардап шеккен тұрғындардан 163 шағым, сондай-ақ, қауіпсіз жерге көшіру туралы өтінішпен 9 шағым түскен. Судан зардап шеккен тұрғындарды қабылдау үшін жеті мектеп: Абай атындағы, №2, 30, 27, 21, 7, 12 мектептер әзірленді.

Нөсер салдарын жою үшін және апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қаладағы шұғыл әрекет ету жасағы бөлімшелерінің, сондай-ақ, қаладағы ірі кәсіпорын күштері мен құралдары жұмылдырылды. 27 бірлік арнайы техника, үш мотопомпа және басқа техникалар жұмыс істеуде.




(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz