newstaraz.kz

 
 

Атыраулық белсенділер Ноғаев бастаған бір топ адамға күтпеген жерден «сыйлық» жасады (фото)


pogudx2pln3a32ttlg.fd3b725f
  26.07.2016 NewsTaraz.kz.
Фото: abai.kz

Жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысында атыраулық белсенділер облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бастаған бір топ адамға «сыйлық» жасады деп хабарлайды Абай.кз порталы.

Халел Досмұхамбетов атындағы университет ғимаратында болған жиында белсенді топтың өкілі Әсел Нұрғазиева көшпелі комиссия мүшелеріне, Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевқа, комиссия төрағасы Асқар Исабекұлына және оның орынбасары Жақсылық Үшкемпіровке қамаудағы белсенділер «Талғат Аян мен Макс Боаевқа бостандық» деген жазуы бар жейдешелер табыстады.

pogudx74bdvp3cfee.8d77b867Фото: azh.kz

«Мұхтар аға, Мереке аға, замандастарым Мұхтар, Айдос, сіздер комиссияның 25 мүшесі келдіңіздер ғой. Енді Атыраудан тектен текке кетпеңіздер. Осындағы әр қайсысыңыз қолдарыңыздан келсе, жеке талап қойыңыздар. Міндеттеме алыңыздар. Сонда ғана біз комиссияның жұмысына риза боламыз. Сонда ғана балалар ешқайда қашпайды. Ол балалар елдің, жердің қамы үшін шырылдап жүрген жігіттер. Атыраудан кетпей тұрғанда осы комиссияның барлық мүшелері осы екі баланы шығарып алыңыздар. Комиссия жетекшілері, тағы да Атырауға қош келіпсіздер. Енді сіздерге шапан кигізе алмаймыз. Бірақ Макс пен Талғатты қолдап жүрген азаматтар, отыз шақты арнайы футболкалар дайындап едік. Соны алыңыздар», — деді Әсел Нұрғазиева.

pogudx63u5ghippij.e9a65c4a

Сәуірдің орта шенінде атыраулық белсенділер үкіметтің жерді шетелдіктерге сату мен ұзақ жылға жалға беру туралы бастамасына наразылық білдіріп, Атыраудағы Махамбет-Исатай алаңына жиналған еді. Осыдан кейін облыс басшысы Нұрлан Ноғаев мырзаның өзі де алаңдағы халықтың алдына келіп, басу айтқан-тын.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz