newstaraz.kz

 
 

Атыраудың жеті жастағы тұрғыны екі жасар сәби қалпында қалып қойған (фото)


pogudx50dt40lcnar.ed3faf02
  26.07.2016 NewsTaraz.kz.
Скриншот 31 арнадан

Атырауда жеті жастағы Мадияс өзге балалардан ерекше. Екі жасар сәби қалпында қалып қойған ұлдарының жағдайына ата-анасы алаңдаулы деп хабарлайды 31 арна.

Дәрігерлердің Мадиясқа қойған диагнозы ергежейлі. Ал, анасының айтуынша, кішкентай ұлдың денсаулығын қалпына келтіруге болады. Ол үшін көп қаражат қажет екен.

Мадияс Баев — Құлсары қаласының кішкентай тұрғыны. Тумысынан бойы өспей қалған баланың тағдыры қиын. Мадияс Баевты бір көргеннен жеті жаста деп айту қиын. Бірақ, екі жастағы баланың қалпындағы ұлдарының қатарынан қалып бара жатқанына әсіресе ата-анасы алаңдайды. Ал Мадиястың арманы асқақ.

«Өскенде бойымның өскенін қалаймын», — дейді ол.

pogudx7gp4vp4bv53.2a12f217Скриншот 31 арнадан

Шынашақтай ұлдың «шытырманға» толы өмір баяны өзгелерге ұқсамайды. Дәрігерлер Мадиясқа ергежейлі, яғни медицина тілімен айтқанда Лорон Синдромы деп диагноз қойған. Бірақ, оның бойын өсіруге әлі де мүмкіндік бар көрінеді. Ол үшін жалпы құны 60 мың АҚШ доллары тұратын дәріні қабылдау керек екен.

«Есептеп қараған кезде, маған врачтар 40 флакон жазып берді. Сол 40 флаконның өзі деген 60 мың доллар тұрады. Менің оған қаражатым жетпейді. Жолдасым вахталық әдіспен жұмыс жасайды. 15 күн жасап, 15 күн демалады. Өзіміз квартирда тұрамыз. Квартирамыздан ауыспайды», — дейді Мадиястың анасы Нұргүл Баева.

pogudx3hc3qami963.fe8a68a0
Скриншот 31 арнадан

«Мадиястың бойының жетілуі үшін барымызды салып жатырмыз, бірақ, қолымыз қысқа болып тұр» деген анасы Нұргүл елдегі жомарт жандардан көмек сұрайды.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz