newstaraz.kz

 
 

Атырау облысында белгісіз аурудан мал қырылып жатыр


2016072208512260792_762f44b83c5f92a3a2503af2d9d8d82c
  22.07.2016 NewsTaraz.kz.
Фото: agrobiznes.club

Көкарна ауылынан басталған ауру іле-шала көрші елді-мекендердегі ірі қараны да сұлатқан.

Құрманғазы ауданында арам қатқан ірі қараның саны күн өткен сайын артып келеді. Әуелі сиырлардың қызуы көтеріліп, денесіне бөртпе қаптап, аузы-мұрнынан су ағып, ақыр аяғында әбден азып өледі дейді тұрғындар. Тана-торпақтың мұндай белгілермен қырылып жатқанына біршама уақыт болса да жергілікті мал дәрігерлері нақты диагноз қоя алмай отыр. Ал Астана мен Алматыдан шақыртылған арнайы мамандар сынама алып кеткенімен, оның да нәтижесі әлі жоқ, деп жазады КТК телеарнасы.

Ауданда 45 жыл бойы мал дәрігері болып қызмет еткен Уап Қалуовтың айтуынша, мүйізді ірі қараның бұлайша ауыруы — бірінші рет. Ақсақал бұл індет бізге сырттан келді дейді. Яғни, жазғытұрым Ресейден, нақтырақ айтқанда Дағыстаннан Атырауға еркек мал тасымалданады екен. Ал осындай ауру аз уақыт бұрын Шешенстан мен сол Дағыстанда тіркеліпті.

Уап Қалуов, Құрманғазы ауданының тұрғыны:

-Мына сиырға 12 күн болды тұрғанына. Ауру мал келді, оны ешкім зерттеп жатқан жоқ, кілең бір-бірін қошеметтеп отырған адамдар!

Көкарна ауылынан басталған ауру іле-шала көрші елді-мекендердегі ірі қараны да сұлатқан. Малмен күн көріп отырған тұрғындар барынан айрылып қымбат дәрі алып, өздері амалдап отыр. Оның өзінде бір сиырға кемі 20-30 мың теңге керек.

-Ірі қараның белгісіз ауруға шалдыққанына айдан астам уақыт өткен. Жергілікті тұрғындар өз беттерінше ем-дом жасағанымен, нәтиже болмай тұрған көрінеді. Ал малдың өлігін өртеп немесе ауыл іргесінен қазылған мынандай шұңқырларға әкеп тастап жатыр.

Жергілікті басшылар түсінік жұмыстарын жүргізіп, карантин жарияламақ түгілі қарасын да көрсетпеді дейді тұрғындар. Бірақ, әкімдіктегілер қаражат бөлініп, қажетті дәрі алынып жатыр, -деп азар да безер. Тек нақты диагноз анықталмайынша артық қимыл жасамай отыр екен.

Әлімбай Әбдірахманов, Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімінің басшысы:

-Қазақтың ғылыми зерттеу институтынан екі ғылым докторы келді. Малдардан сынамалар алып кетті, қан алды, қорытындысы әлі шықпай тұр. Енді бұрынғы заман емес, қазір лабораториялық зерттеу қорытындысы мен шешім алынады ғой.

Қазір ауданда белгісіз ауруға мың жарымға жуық ірі қара шалдыққан. 40 бастастан астамы арам қатқан. Әкімдіктегілер, аурудың таралуына жұрттың өзін кінәлады. Өйткені, жем-шөпті үнемдегендер ауру малды өріске өзгелермен бірге жіберіп, жағдайды одан әрі ушықтырып отыр екен.

Автор: Жанар Низамутдинова

 

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz