newstaraz.kz

 
 

Атақты Кейкі батырдың бас сүйегі Мәскеуден Қазақстанға әкелінді


photo_196616
  06.10.2016 NewsTaraz.kz.

Кейкі батырдың бас сүйегі бүгін таңғы сағат 04:50-де Мәскеуден арнайы бортпен елордаға жеткізілетінін естігендер Астанадағы халықаралық әуежайға жиналды. Алайда, бас сүйектің бұл уақыттан бұрын арнайы рейспен жеткізілуіне байланысты жиналған қауым оны салтанатты түрде қарсы ала алмады.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Біздің естіген ақпаратқа сүйенсек, батырдың бас сүйегі арнайы рейспен келіп жатыр. Осы орайда еліміздің танымал ғалымы, белгілі этнограф, профессор Нұрсан Әлімбай Ресейде бас сүйекті қабылдап алып, елге жеткізді деп естідік. Енді ғалымдар арнайы сараптама өткізетін болар. Батыр бабаның бас сүйегін салтанатты түрде қарсы алу керек еді, өйткені Астана әуежайына ел азаматтары, батырдың ұрпақтары мен туыстары келді. Бұл тұрғыда күндіз үкімет ресми түрде өз мәлімдемесін жасайды деген ойдамын», — деді саясаттанушы, қоғам қайраткері Берік Әбдіғалиұлы.

Бұдан бұрын ол Фейсбуктегі парақшасында бүгін таңертең 04:50-де Мәскеуден арнайы бортпен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің батыры, 1923 жылы большевиктер қолынан қаза тапқан Кейкі батырдың бас сүйегі әкелінетінін хабарлаған еді.

«Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы уағдаластық аясында Кейкінің бас сүйегі жеткізіліп тұр. Менің естуім бойынша арнайы комиссия құрылып, жерлеу мәселесін қарастырады. Сонымен қатар батырдың есімін қайта жаңғыртуға байланысты іс-шаралар қамтылып, алдағы уақытта нақты қай өңірде жерленетіні талқыға салынады. Әрине, халық пен батырдың туыстарының ойы екіге бөлініп тұр. Біреулер Астанадағы Ұлттық пантеонға, ал кейбіреулер Қостанай облысының Амангелді ауданындағы кесенеге қойылса деген тілектерін айтуда. Осы ретте бұл ұсыныстар қарастырылып, тиісті шешім қабылданады», — деді Әбдіғалиұлы.

Еске сала кетсек, ресейліктер тарапымен жәдігерді елге қайтаруға көп жылдан бері келіссөздер жүргізілді.

(просмотры 3 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz