newstaraz.kz

 
 

«Астана арландары» өзбек боксшыларынан ойсырай ұтылды


pogudx7d895or3uav.ed142539
  28.02.2016 NewsTaraz.kz.

Ташкент төрінде Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) жобасының алтыншы маусымы аясында «Өзбек жолбарыстары» («Uzbek Tigers») командасымен  кездескен «Астана арландары» 4-1 есебімен ұтылып қалды.

Шаршы алаңға ең бірінші болып көтерілген Теміртас Жүсіпов (49 келі) Хасанбой Дусматовқа 0:3 (45:50, 45:50, 45:50) есебімен есе жіберді.

Одан кейін шаршы алаңға көтерілген боксшымыз  Мейірболат Тойытов та (56 келі) Абдулхай Шарахматовқа төтеп бере алмады.

64 келі салмақ санатында шаршы алаңға шыққан Асхат Уәлиханов (64 келі)  Фазлиддин Мелибоевтен ұтылды.

Ал Еркін Мұхамеджан (91 келі) өзбек боксшысы Мирзабек Хасановтің жолын кесуге қауқары жетпеді.  Астана арландары сапынан тек Мейірім Нұрсұлтанов (75 келі) қана қарсыласы Хуршид Норматовтан басым түсті.

Айта кетерлігі, Астана арландары енді 4 наурыз күні «Azerbaijan Baku Fires» боксшыларымен шаршы алаңда кездесетін болады.

 

Дереккөз: ИА «Казинформ»

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz