newstaraz.kz

 
 

Қашағанда жаппай қысқартылатынын естіген мұнайшылар шу көтерді


pogudx6sblppqt3ca.e17ed199
  30.05.2016 NewsTaraz.kz.

Баутино теңіз базасындағы Қашаған кенішіне қажетті теңіз операцияларын жүзеге асырумен айналысатын жұмысшылар кезекті тендерден соң қысқартуға ұшырағандарына шағымданады.

Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтары жазады.

Олардың айтуынша, базада жұмыс істейтін 335 жұмысшының NCOC NV (North Caspian Operating Company N.V.) компаниясының бұрынғы мердігері COSMI («Caspian Oil Services Management Incorporation Kazakhstan») мекемесімен еңбек келісім шарты мамырдың 31-інде аяқталуы тиіс.

«Локальный профсоюз Тупкараган» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сайлау Бастаевтың мәлімдеуінше, маусымның 1-інен бастап жұмысқа кірісуге тиісті келесі мердігер НСС («НефтСтройСервис Лтд») мекемeсі жұмысшыларға 53 адамның қысқартылып әрі еңбекақының азайтылатыны туралы хабарлаған.

Форт-Шевченко қаласындағы Баутино теңіз портындағы жұмысшылардың дені порт негізі қаланғаннан бастап жұмыс істеп келе жатқан мамандар. Солардың бірі Мұхаметжан Дәрібаев Баутино теңіз базасында 2004 жылдан бері шебер болып жұмыс істейді. Ол бес жыл сайын тендер өтіп, мердігерлікке жаңа мекеме келген кезде ешқандай қысқартусыз, өзгеріссіз келесі мердігер компанияға өтіп келе жатқандарын айтады.

— Мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Мердігер компания жаңа болғанымен, біздің атқаратын жұмысымызда өзгеріс жоқ. Ендеше неге NCOC-тың биылғы мердігері НСС бізге сынақ мерзімін қойып әрі жұмысшыларды қысқартпақ? Өз позициясында 10-15 жылдан бері жасап келе жатқан әр жұмысшы кәсіби маман емес пе? — деп сауал тастайды ол.

Кәсіподақ төрағасы Сайлау Бастаев жұмысшылардың жаңа мердігерден еңбек ақыны азайтпауды, жұмысшыларды қысқартпай ескі құраммен толық қабылдауды, мерзімсіз келісімшарт жасауды талап етіп отырғанын айтты. Ол жұмысшылардың кәсіподақ ұйымының төрағасы ретінде өзіне және Маңғыстау облысы әкімінің атына сәуірдің 30-ында қолдары қойылған хат жолдап, онда қысқартуды болдырмау үшін басқа мердігер компанияға өтуді сұрайтындарын баяндаған.

Дәл осындай хат NCOC мұнай консорциумы қатысушыларының бірі «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың да атына жолданған.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz