newstaraz.kz

 
 

Қарағандыда мүгедек жігіт шотына жиналған 5 жарым млн теңгені қайырымдылыққа жұмсады


pogudx2rjmqa6f612g.e6dddfcf
  24.02.2016 NewsTaraz.kz.

Қарағандылық Нияз Сүндетәлиев 5 жарым миллион теңгені науқас балаларға аударды .

Тілшілер осыдан бірнеше жыл бұрын жарақат алып, мүгедек болып қалған Нияз туралы арнайы материал дайындаған болатын. Сол кезде отандастарымыз мейірімділік танытып, Нияздың шетелде емделуіне ақша жинады. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған қаражатты қазір Нияз Аружан Саин қорына аударды. Себебі ол әзірше шетелде ем қабылдамайтын болды.

Бүгінде оның денсаулығы біршама түзелген. Қазір өзі отырады, тіпті қалам да ұстай алады. Кезінде омыртқасы сынып, мүлдем қимылсыз жатып қалған еді.

«Денсаулығымның жақсаруы көп еңбек пен мені қоршаған адамдардың жылы лебізінің арқысы», — дейді Нияз.

Жігерлі жанның, бар үміті Оңтүстік Корея дәрігерлерінде. Олардың айтуынша, Ниязға операция жасау үшін ұзақ физикалық дайындық қажет.

«Менің шотыма жиналған қаражат жедел операцияны қажет ететін балаларға аударылды. Өзіме келсем, мен әлі ем алып жатырмын. қазір массаж терапиясы жүріп жатыр. Әзірге мені әлемдегі ешбір аурухана қабылдай алмаймыз деп отыр. Сондықтан екі жыл бойы халықтың маған жинаған ақшасын сақтап отыра алмаймын. Өйткені қазір шетелде шұғыл операцияны қажет ететін бүлдіршіндер көп. Сондықтан мен бұл қаражатты соларға аударуды жөн көрдім», — дейді қала тұрғыны Нияз Сүндетәлиев.

Дереккөз: 24.kz

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz