newstaraz.kz

 
 

Қарағандыда 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін ер адамдардан ақша бопсаланды


pogudx416rttml4t8.b67f430b
  30.05.2016 NewsTaraz.kz.
Фото: polytika.ru

Қарағандыда екі жергілікті тұрғын 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін ер адамдардан ақша бопсалады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

28 жастағы Қарағанды тұрғыны әлеуметтік желіде таныс қыздың атынан парақша құрып, ер адамдарға жыныстық қызмет ұсынып отырған.

Жас қыздар құрған тұзаққа 38 жастағы ер адам бірден түсіп қалған. Ол пәтер жалдап, 15 жастағы бойжеткенмен жыныстық қатынасқа түсер кезде, пәтерге екі ер адам баса көктеп кіреді. Олар өздерін полицейлер ретінде таныстырып, ер адамды кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынас үшін түрмеге қамаймыз деп қорқытады.

Отбасылы тұрғын масқара болудан қашып, оларға 60 мың теңгесін бере салады. Алайда бопсалаушылар тағы 5 мың доллар әкелуін талап етеді. Көк тиынсыз қалған азамат пәтерден шыққан бойда Ішкі істер департаментіне жүгініп, бопсалаушылыққа тап болғанын айтады.

Тәртіп сақшылары бұл жайтқа қатысы бар екі кәмелетке толмаған қызды және сыбайластарын қамауға алды. Шынайы жастарын жасырып, клиенттерді тұзаққа түсіріп отырған арулар кінәсін мойындап, полицейлерге өзге сыбайластарын ұстауға көмек көрсеткен.

Қылмысты ұйымдастырушылардың бірі сегіз жылға, ал екіншісі екі жыл алты айға қамауға алынды.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz