newstaraz.kz

 
 

Қарағанды облысында бір отбасы сойған соғым екі адамның ажалына соқтырды (фото)


pogudx7u197m393km.5cc9fbf2
  21.06.2016 NewsTaraz.kz.

Жергілікті дәрігерлер облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 20-маусымнан бері Шет ауданынан жеті науқас түскенін айтады. Оның біреуі он жастағы бала. Ал, екеуінің жағдайы өте мүшкіл болыпты. Екі адамның өмірін жалмаған белгісіз дерт туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлады.

Барлық науқастың дене қызуы көтеріліп, денелері қызыл бөртіп келген. Дәрігерлер аурудың әлі нақты диагнозын айтпай отыр. Сараптама қорытындысы екі тәулік ішінде шығады екен.

Бірақ малдан жұққаны анық дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

«Кеше бес адам түскен. Бүгін жетіге жетті. Екеуі көз жұмды. Өйткені, жағдайлары өте ауыр болды. Аурудың әлі диагнозы анықталған жоқ. Ешнірсе айта алмаймын», — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Сол арада қаза тапқан ауылдықтардың туыстары аурухананы жағалап жүр. Ірі қара малдың етін жейміз деп ажал құшқандардың жасы не бәрі 33-те, екіншісі 49-да болыпты. Қара жамылған жақындары ауылда соңғы жылдары ветеринарлық жұмыстар жүргізілмегенін және он бес күннен бері қалаға ем іздеген науқастарға еш ем-дом қонбағанын айтады.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасын торауылдаған халық көп. Шет ауданы Еркіндік ауылынан жеткізілген жеті кісінің ағайын-туысы. 20-маусымнан бері түскен ағайындылардың бірі он жастағы бала екен. Ал қаза тапқан екі кісінің бірі 33-жастағы әйел адам екені анық болды.

Ауыл тұрғындары бір отбасының ірі қараны сойып, ертеңіне ауыра бастағанын айтады. Алғашында қышыма деп жүре беріпті. Алайда жасаған ем-домдары іске аспай, облысқа әкеліпті.

Фото: Әнуарбек Шәріпов

«Бір отбасы баласы әкесімен соғым сойған. Ауру содан басталды. Бірінен соң бірі ауруханаға түсті. Дәрігерлер Сібір жарасы деп жатыр. Аяқ астынан айырылып қалдық», — дейді белгісіз аурудан көз жұмған Кәкен Қажкеновтің ауылдасы Әнуарбек Шәріпов.

Отбасы жем жеп, су ішуден қалған малын арам қатпасын деген оймен мал дәрігеріне хабарламастан сойып, етін көршілеріне таратып жіберген.

Мәйіттердің сараптама қорытындысы екі тәулік ішінде шығады дейді. Бірақ малдан жұққаны анық екенін облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар да растап отыр. Ал ауру ошағы анықталған елді мекенде әлі карантин жарияланбапты.

Источник: Nur.kz
(просмотры 3 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz