newstaraz.kz

 
 

Амангелді Айталы: Біз 2011 жылғы қанды оқиғадан сабақ алмадық


pogudx6q10nkmijo1.5cad36e5
  07.06.2016 NewsTaraz.kz.
Амангелді Айталы. Фото: NUR.KZ

Қоғам қайраткері Амангелді Айталы Ақтөбеде болып жатқан жағдайдың қайталануы 5 жыл бұрынғы оқиғадан сабақ алмағанның салдары екенін айтады.

Бұл туралы аймақтағы NUR.KZ тілшісі хабарлады.

«Ақтөбе облысында болып жатқан жағдай елді қатты толқытты. Халық қорықты, құты қашты. Не деуге болады? Мен өзім біреу жеңді, біреу жеңілді деп айта алмаймын. Біз азаматтарымыздан айырылдық! Қазақты бөле жарудың қажеті жоқ. Неге бұлай болды? Біз неге 2011 жылғы жағдайдан сабақ алмадық? Қандай қателік жібердік? Не істеуіміз керек? «Жауызды өлтірдік, қырдық, жеңдік» деп айту оңай. Бірақ, дұрыс сабақ алмасақ, дұрыс шешім қабылдай алмасақ, бұл уақытша ғана саябырсу», — деді қоғам қайраткері Амангелді Айталы.

Саясаткер лаңкестерді қырып салғанның өзінде тыныштықты ұстап тұрудың қиын екенін айтты. Қаза тапқандардың басым көпшілігі  қазақ екенін еске салған саясаткер биліктің жағдайға адамгершілікпен қарау керектігін айтты.

«Сондықтан мемлекет, оқу орындары, билік осы мәселе жөнінде терең ойлауы керек. Бұл жерде ешқандай дін туралы сұрақ жоқ. Бұл жерде әлеуметтік, психологиялық жағдай бар. Біз ең бірінші оқиғаны ой елегінен өткізіп, барлығына көңіл айтуымыз керек. Өкінішті жағдай. Адамгершілік деңгейде болуымыз керек. Қазақты бөліп жармайық, бәрі біздің бауырымыз», — дейді  саясаткер.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz