newstaraz.kz

 
 

Ғалымдар жақын арада ақырзаман болатынын айтып, дабыл қақты


  16.05.2017 NewsTaraz.kz.

Қара құрдым. Көрнекі фото: ru.tsn.ua

Польша ғылым академиясындағы Ядролық физика институтының ғалымдары жақын арада ақыр заман болуы мүмкін екенін айтып, дабыл қақты. Бұл туралы NUR.KZ порталы eurekalert.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Олар 15 мамыр күні аяқталған Үлкен адрондық коллайдер атты құрылғының сынақтары бүкіл Жер шарын жұтып қоюы мүмкін қара құрдымды тудырады деп қорқып отыр.

Атомдық бөлшектерді жылдамдатуды көздейтін құрылғы осындай ауыр салдарға әкеліп соқтырады деп сенетіндерге өзге ғалымдар келіспеушілік білдіруде. Олар керісінше бұл сынақтар ғылым саласында зор ілгерілеуге септік боларын алға тартты.

Дегенмен бірқатар ғалымдар коллайдер әлемді жоймаса да, тылсым күштер мен қара күш иелерінің біздің әлемімізге енуіне қақпа ашатынын болжап отыр. 

Британиялық астрофизик Стивен Хокинг бұған дейін сынақ жүргізіп жатқан ғалымдарға мироскопиялық қара құрдымды тудыруы мүмкін екендерін ескертумен болған. Болжамының расталатынын тағатсыз күтіп отырған Хокинг осылайша физикадан Нобель сыйлығына ие болатынын айтып, әзілдеді.

(Просмотры 4 , 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


 
Post ID 151833  

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

   

NewsTaraz